Қасым-Жомарт Тоқаев Бауыржан Момышұлына "Халық қаһарманы" атағын беру туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді
Президент тиісті Жарлыққа қол қойды. Бауыржан Момышұлына "Халық қаһарманы" атағы ресми түрде берілді. Бұл туралы М ...
Бұл туралы Президенттің көмекшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Телеграм-арнасында хабарлады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жапонияға ресми сапары аясында қол қойылатын коммерциялық келісімдердің жалпы құны 3,7 миллиард доллардан асады. Президент осы мақсатта Токиода жапониялық ірі бизнес өкілдерімен кездесулер өткізбек, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Барлығы 40-тан астам құжатқа қол қою жоспарланған. Келісімдер энергетика, жаңартылатын қуат көздері, цифрландыру, тау-кен, көлік секілді негізгі салаларды қамтиды", – деп жазды Р.Желдібай.
Қазақстан тарапынан құжаттарға "Самұрық-Қазына", KEGOC, "Қазатомөнеркәсіп", "Тау-кен Самұрық", "Қазпошта", "Қазақстан темір жолы" компаниялары, ал Жапония тарапынан Marubeni, MUFG Bank, Mitsubishi Heavy Industries, Hitachi Energy, Toshiba, JOGMEC, Kansai Electric Power және RIKEN KOGYO сияқты компаниялардың өкілдері қол қояды.
Сонымен қатар Руслан Желдібай Президенттің Жапонияға сапары аясында өзге де ресми келіссөздер мен іскерлік кездесулер өткізу жоспарланып отырғанын жеткізді.
Айта кетсек, кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияға ресми сапармен барды.
Президент тиісті Жарлыққа қол қойды. Бауыржан Момышұлына "Халық қаһарманы" атағы ресми түрде берілді. Бұл туралы М ...
Мемлекет басшысы озық шешімдерді мемлекеттік басқару саласына енгізуде Жапония тәжірибесіне назар аударуға шақырды. ...
Бұл туралы Kazakh Invest баспасөз қызметі хабарлап отыр. Қазақстандық Zhabyak компаниясы мен Senko Farm жапон нары ...