"Доғарайық қатындар": Мөлдір Анарбаева оңтүстікте тойбастарға берілетін ақ орамалдар мен мата туралы
Ол тойда ешкімге керегі жоқ ақ орамал мен мата беруді доғаруды талап етті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа портал ...
Желіде ұзақ уақыттан бері сәби сүйе алмай жүрген Елдос "Колобоктың" әке атанатыны туралы жаңалық тарады. Блогердің бұл қуанышына бірден бір себепкер болған тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы екен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
"Мен ғана емес, халық болып бұл күнді жылдар бойы асыға күттік. Алланың мейірімі шексіз! "Мариям" қорының да үлесі зор. Қорымыз жұмысын бастай сала, қарапайым отбасылардан бөлек, бала сүйе алмай жүрген танымал жұптарға да кеңес беріп, көмектескім келді. Өзіміз кішігірім тізім жасаған едік... Ішінде Елдос пен әйелі де болды. Әйеліне өзім жаздым. Байланыстық, бірақ бірден іске кірісе алмадық. Әбден созылып кетті. Себебі оларда бәлкім сенімсіздік те болған шығар... Араға қаншама ай салып өздері байланысқа шықты", — деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.
Сөзінше, біріншісі нәтижесіз аяқталған.
"Ешкімге көрсетпей, клиниканың артқы есігінен кіргізіп, барынша құпия сақтап, қанша ай отаға, эмбрион тасымалына, жүктілікке дайындалдық. Бірақ өкінішке қарай біріншісі сәтсіз аяқталды. Жаратқанға шүкір осындай қуанышқа мені де себепші қылып қойған", — деді қуанышын жасыра алмаған тележүргізуші.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Ләйлә Сұлтанқызы (@sultankyzy)
Ол тойда ешкімге керегі жоқ ақ орамал мен мата беруді доғаруды талап етті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа портал ...
Блогер Ақбота Нұрахын туған күнін ерекше атап өтіп, кешке келген қонақтарға гауһар тасы бар жүзіктер сыйға тар ...
Танымал блогер Қалдықыз Жаппарқызы ауыр дертпен күресіп жүргенін айтып , елге жан сырын ақтарды. Бұл турал ...