Костенко шахтасындағы жарылыс: басшылық қарапайым қауіпсіздікті сақтамай келген
Костенко шахтасындағы апатқа дейін кеніште үнемі өрт тұтанып тұрған. Ал оны кеншілердің өзі сөндіруі қалыпты д ...
Қарағанды облысы Қарқаралы ауданына қарасты Талды ауылының жолына биыл күрделі жөндеу жасалатын болды, деп хабарлайды 24kz.
5 жыл бұрын бюджеттен 800 миллион теңге бөлініп, жолға асфальт жабыны төселген еді. Алайда жыл өтпей жатып сапасы сыр берді. Құрылыс барысында кеткен кемшіліктерді Ұлттық сапа орталығының мамандары анықтады. Тұрғындар биылғы жөндеудің сапалы боларына үмітті.
Руслан Нұрланұлы, тілші:
- Қарқаралы мен Талды ауылының арасы 45 шақырым. Бұл жолмен бұдан өзге 4 елді мекен халқы қалаға қатынайды. Ой-шұңқыры шыққан асфальтпен жүріс өнбейді әрі қауіпті.
Данияр Ысқақов, ауыл тұрғыны:
- Жолдың жағдайы өте нашар. Мына көлігіміз жиі сынады. 45 шақырым Қарқаралыға 1,5-2 сағат жүреміз. Анау ауылдан енді жедел жәрдем шыққанда үлкен кісілер ауырғанда өте қиын.
Жол 2020 жылы жөнделді. Алайда ылғалды қабаты нығыздалмай әрі асфальтты шалғайдан суық күйде тасығандықтан, сапасы жыл өтпей жатып сыр берген. Бұл олқылықтарды ұлттық сапа орталығының мамандары анықтады. Жол азабын тартқан жұрт енді биылғы жөндеуді мердігер сапалы атқарсын деген талап қойып отыр. Ол үшін комиссия құрамында жергілікті қауымдастық мүшелері де болуы керек деп есептейді.
Әнуар Шәкәрімов, ауыл тұрғыны:
- Бізде халықта осындай жағдайға қайта келмесе екен деген алаңдаушылық. Өйткені кезінде мердігерлер істеп кетті. Ол мердігерлер жауапқа тартылды, айыппұл төледі деген ешқандай ақпарат жоқ бізде. Енді қазіргі таңда осы жол жөнделетін болса, дұрыс қадағалау жүргізіліп, дұрыс техникалық сараптама жасалып, осы жолымыз жақсы істелсе деген бізде ниет.
Былтыр жолдың 5 шақырымның ескі жабыны қырылып, тас төгілді. Бұл негізгі қабатын берік етеді. «Жаңадан асфальт төсемес бұрын дәл осындай жұмыс күрежол бойында тұтас жүргізіледі», - дейді жауаптылар.
Абай Ысқақов, аудандық ТҮКШ, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының м.а.:
- Былтырғы жылы өзіміз жергілікті бюджеттен ақша қарастырған болатынбыз жобаны бастау үшін. Биыл облыс әкімдігінің тарапынан қолдау болып отыр. Жалпы жобаның сомасы 500 миллион теңге болады. Жұмыс ары қарай жалғасады. Жалпы жұмыстың аяқталуын осы жылға бекітіп қойдық.
Талды ауылына қарасты 4 елді мекенді қосқанда бұл төңіректе 2 мыңдай тұрғын бар. Шалғайдағы жұрт үшін әлеуметтік маңызға ие басты мәселе – осы жол. «Күрделі жөндеу жұмыстары аяқталған соң оны күтіп ұстауға, ауыр жүк көліктерін қатаң бақылауға көңіл бөлінсе», - дейді жергілікті қауымдастық өкілдері.
Авторлары: Руслан Нұрланұлы, Сайран Ақамбаев, Аман Хамит