Димаш Құдайберген 2025 жылғы Чехия хит-шеруінің жеңімпазы атанды
Димаш Құдайберген чехиялық «ÓČKO CHART» музыкалық жобасында кезекті мәрте топ жарып, 2025 жылдың жеңімпазы мә ...
Халық әртісі Димаш Құдайберген жақында Испания жұртшылығын өнерімен тәнті етті. Оның ерекше дауысын испан бұқаралық ақпарат құралдары жарыса жазып, жылы пікірлерін аямады. Солардың ішінде елге белгілі «La Voz de Galicia» басылымы отандасымыздың өнеріне арнайы материал арнады, деп жазады Egemen.kz.
150 жылдық тарихы бар бұл газет Испаниядағы ең көне әрі беделді ақпарат көздерінің бірі саналады. Басылымның ресми мәліметіне сәйкес, күн сайын сайттағы жаңалықтарды 400 мыңға жуық оқырман қарап отырады. Осы аудиторияға арнаған мақаласында испан журналистері Димаштың классикалық опера мен заманауи эстрадалық жанрларды ұштастыру шеберлігіне айрықша тоқталады. Әншінің Пласидо Доминго және Хосе Каррерас сынды аты аңызға айналған тенорлармен бір сахнада ән салуы – олар үшін үлкен оқиға.
«La Voz de Galicia» тілшісі Йоланда Гарсия бұл сұхбаттың Димаш үшін испан тіліндегі алғашқы басылымға берген сұхбаты екенін атап өткен. Журналистің айтуынша, алдағы концерт қарсаңында көпшілікке қазақ әншісін жақынырақ таныстыру мақсат етілген.
Айта кетейік, Димаштың Испаниядағы алғашқы жеке концерті осы күзде Барселонада өтпек. Бұл кеш оның Еуропа қалаларын қамтитын «Stranger» турының бір бөлігі саналады. Әнші бұдан бөлек, Лондон, Берлин және Рига қалаларында да өнер көрсетуді жоспарлап отыр.
Димаш Құдайберген чехиялық «ÓČKO CHART» музыкалық жобасында кезекті мәрте топ жарып, 2025 жылдың жеңімпазы мә ...
Танымал әнші Ұлықпан Жолдасов Qazaqstan телеарнасындағы «Бәрекелді!» бағдарламасына қонақ болып, өнер жолындағ ...
Тараптар сумен жабдықтау және ағынды су жүйелерін іске асыру шараларын талқылады. ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министр ...