• 21-11-2025

Трамп Еуроодақ үшін баж салығын көбейтуі мүмкін

АҚШ президенті Дональд Трамп еуропалық тауарларға баж салығын 35%-ке дейін көтеремін деп тағы сес көрсетті.

Бұл туралы Ақ үй басшысы CNBC телеарнасына берген сұхбатында айтты. Оның айтуына қарағанда, егер Брюссель Америка экономикасына 600 миллиард доллар инвестиция құю міндеттемесін орындамаса, АҚШ тарапынан тиісті шаралар қабылданады. АҚШ пен Еуропалық Одақ өткен айдың соңында сауда келісімін жасасқан болатын. Содан кейін Еуроодақ америка энергиясы мен әскери техникаларын сатып алуға және нөлдік мөлшерлемемен америкалық экспортқа жол ашуға келісті. Бұған жауап ретінде Вашингтон баждарды 30%-тен 15%-ке дейін төмендеткен болатын.