Алматыда шекарашылар күніне арналған концерт ерекше форматта өтті
Шекарашылар күніне арналған мерекелік концерт Алматыда ерекше форматта өтті. Көктөбе төріндегі сахнаға та ...
Танымал әнші Айқын Төлепберген әріптесі Садраддинге қолдау білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Садраддин Алматыдағы Орталық стадионда өткен Дженнифер Лопестің концертіне қатысып, өнер көрсеткен болатын. Алайда желі қолданушылары жас әншінің өнерін қатты сынға алды. Көпшілігі оның “жанды дауыста айта алмайтынын” айтып, түрлі пікір қалдырды.
Әлеуметтік желіде:
“Садр шаршап қалған сияқты”, “Бала болса, әнді балабақшада айтсын”, “Джей Ло да сол сахнада ән шырқады ғой”, “Фонограммаға үйреніп қалған”, “Стадионда алғаш рет шыққандай әсер қалдырды” деген сынды пікірлер жазылды.
Осы сын-пікірлерден кейін, сахнада 20 жылдан астам тәжірибесі бар Айқын Төлепберген халыққа үндеу жасады.
“Садраддинге тиісіп жатқандарды түсінбеймін. Стадионда жанды дауыста ән айту оңай емес, әртүрлі жағдай болуы мүмкін. Өз басымыздан да өткен. Стадион – студия емес. Джей Лоның өзі де жанды дауыста айтып, қиналды, бірақ оны ешкім көрсетпеді. Шетелдік әншілер көбіне алдын ала жазып алады да, сосын халыққа дайын нұсқасын ұсынады. Ал Садрды сынға алып жатқан халықтың жасы 35-тен асқандар, олар оны жас бала деп қабылдады. Шын мәнінде, Садраддин – жастардың сүйікті әншісі, талантты орындаушы”, – деді Айқын.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Aikyn Tolepbergen (@aikyn)
Шекарашылар күніне арналған мерекелік концерт Алматыда ерекше форматта өтті. Көктөбе төріндегі сахнаға та ...
Астанада өткен Дженнифер Лопестің концерті кезінде қоғамдық тәртіпті бұзған әйелге қатысты қылмыстық іс қозғал ...
Америкалық поп-дыбысы Дженнифер Лопес Астанадағы шоуынан кейін Ереванға ұшып барды. Әнші 3 тамыз күні Армения астана ...