Израиль атысты тоқтату режиміне қарамастан Газаға шабуылын жалғастырып жатыр
Израиль әскері Газа секторындағы оккупацияланған аймақтарға әуе және артиллериялық соққылар жасады. Куәгерлердің айт ...
Израиль Ливанның оңтүстік бөлігін нысанаға алып, соққы жасады. Әзірге қаза тапқандар туралы ақпарат жоқ. Израиль тарапы бұл әрекетті «Хезболла» қозғалысына қарсы қауіптің алдын алу деп түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Израильдің Қорғаныс армиясы (ЦАХАЛ) таратқан мәлімдемеде соққы жасалған нысандар «Хезболла» ұйымына тиесілі әрі елдің қауіпсіздігіне тікелей қауіп төндіргені айтылды. Алайда шабуылдың бір бөлігі тұрғын үйлер орналасқан аудандарға да бағытталғаны хабарланды.
Аймақтағы жағдай екі ел өкілдері арасындағы тарихи кездесуден кейін ушықты. Жиында тараптар алғаш рет экономикалық және азаматтық мәселелерді талқылағанымен, ортақ келісімге келе алмаған. Бейруттағы кездесуден кейін ливандық тарап Палестина мемлекеті құрылмайынша қарым-қатынасты толық қалыпқа келтіру мүмкін еместігін мәлімдеді. Ал, Тель-Авив бұл кездесуді «бейбіт келісімге қол жеткізу мүмкіндігі» ретінде бағалаған еді.
Израильдік БАҚ-тың дерегінше, ел билігі шекара маңында ахуалдың одан әрі күрделенуіне дайындалып жатыр.
Айта кетейік, Израиль мен Ливан 1948 жылдан бері ресми түрде соғыс жағдайында қалып отыр және дипломатиялық қатынастар орнатпаған.
Израиль әскері Газа секторындағы оккупацияланған аймақтарға әуе және артиллериялық соққылар жасады. Куәгерлердің айт ...
Израиль әуе соққыларынан Газа секторында бір тәулікте 10 адам қаза тапты. Тағы бес адам жарақат алған. Бұл ту ...
Бұл туралы Израиль барлау қызметінің басшысы (Моссад) Давид Барнеа айтқан. Оның сөзінше, Тегеран ядролық қару жасау ...