Ақтаудан Алматыға бағыт алған ұшақ әуежайға қайта қонуға мәжбүр болды
Air Astana әуе компаниясының Ақтаудан Алматыға бағыт алған ұшағы қозғалтқышындағы ақауға байланысты әуежайға о ...
Ақтауда ер адам кәмелетке толмаған қызды зорлағаны үшін 15 жылға сотталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Orda. kz-ке сілтеп.
Сот барысында жәбірленуші жігіттің оны күшпен жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлегенін, еркінен тыс шешіндіргенін және әлеуметтік желілерде компромат жариялаймын деп қорқытқанын айтты
21 жастағы жігіттің ата-анасы оның 17 жастағы қызбен кездесіп жүргенін және оған үйленбек болғанын айтқан. Алайда бұл іске жәбірленушінің отбасы араласқаны анықталды. БАҚ мәліметінше, жасөспірімнің жоғары лауазымды полицейдің қызы екені анықталды.
2025 жылдың ақпан айының басында Маңғыстау облысының ауданаралық қылмыстық соты 21 жастағы азаматқа үкім шығарды. Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы («зорлау») бойынша кінәлі деп танылып, 15 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сот жабық режимде өтті. Істің егжей-тегжейін сотталушының отбасы баяндады.
«Біз шілде айында ұлымызды үйлендіреміз деп дайындалып жүргенбіз. Мамыр айының соңында Елнұр А.-ға (жәбірленушіге) үйленгісі келетінін айтып, бұл туралы анасына хабарлауын сұраған. Алайда қыз кенеттен олар енді кездеспейтінін және оқуын жалғастыратынын айтты. Ұлым абыржып, маған қыздың жауабын жеткізді», – деді сотталған жігіттің анасы Зылиха Оразбаева.
Әйелдің сөзінше, ер адам жәбірлендім деген қыздан қарым-қатынастың аяқталу себебін сұраған. Бірақ қыз қоңырауларға жауап бермей қойған көрінеді.
«Кейін ұлыма қыздың анасы хабарлама жазды: «Сен менің қызыма жолаушы болма. Мен қызымды сен сияқтыға бермеймін. Сен оның тырнағына да татымайсың». Біраз уақыттан кейін полиция қызметкерлері ұлымның жұмысына келіп, оны бөлімшеге алып кетті. Ол жерде кешкі алтыға дейін ұстады. Басында ешқандай шағым болмаған. Кейіннен қыздың әкесінің нұсқауымен Елнұрдан жауап алынған», – дейді Зылиха Оразбаева.
Air Astana әуе компаниясының Ақтаудан Алматыға бағыт алған ұшағы қозғалтқышындағы ақауға байланысты әуежайға о ...
Наурыздың 22-сінде Ақтау қаласында қазақ халқының ұлттық киімі мен салт-дәстүрін әлемге танытатын «Kazakh Record» фести ...
Ақтау қаласы – Түркі әлемінің мәдени астанасы 2025: Ірі мәдени іс-шаралар мен халықаралық фестивальдер өтеді, ...