Қызылордада жаңа қойылған қоқыс контейнерлері 3 айға жетпей қирап қалды
Қызылорда қаласында орнатылған жаңа қоқыс контейнерлері бар-жоғы үш айдың ішінде жарамсыз күйге түскені жұртты ...
Бүгін – Тазару күні. Наурызнама онкүндігі аясында Қызылордада жаппай сенбілік өтті, деп хабарлайды 24kz.
Тазалық шарасы барысында мыңға жуық көшет егіліп, қала көшелері мен саябақтар ретке келтірілді. Биыл қаладағы арық жүйелерінің 90%-ін жөндеу жоспарланған. «Сонымен қатар жергілікті климатқа төзімді 16 мың дана ағаш егіледі», — дейді мамандар. Тазалық шарасына жұмылған тұрғындардың бір бөлігі қоғамдық көлік аялдамаларын тазалауға кірісті. Ал арнайы вакуумды техникалар жаяу жүргінші жолын шаң-тозаңнан арылтты. Коммуналды мекеме жұмысшылары арық жүйелерін тазартып, саябақ қоршауларын сырлап жатыр. Ескі жол белгілері де жаңасына ауыстырылады. «Тазару күні экологиялық және рухани мәнге ие. Мұндай іс-шаралар табиғатқа қамқор болу, тазалық сақтау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді», - дейді аға буын.
Жұмабек Әлиев, қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары
- Келешек жастар үшін деп, жастарға үлгі есебінде насихат жұмыстарына көптеп тарту керек. Осындай жұмыстарға жастарды көп тартып, оларға үлгі қылып, таза ұстауды, өзінің отбасын, айналасын, шаңырағын, көшені, жүрген жерін бәрін таза ұстап, үстіндегі киіміне дейін таза болатын болса, біздің келешегіміз жаман болмайды деп ойлаймын.
Қызылорда қаласында орнатылған жаңа қоқыс контейнерлері бар-жоғы үш айдың ішінде жарамсыз күйге түскені жұртты ...
Әйел әкімшілік жауапқа тартылды. Қызылордада кәмелетке толмаған баласына рөлді берген анаға 55 мың теңге көлем ...
Мемлекет басшысы «Сыр жұлдыздары » шығармашылық-инновациялық академиясының қызметімен танысты, деп хабарлайды E ...