Қазақстан мен Жапония құны 3,7 млрд доллардан асатын құжатқа қол қойды
Президенттің Жапонияға сапары аясында сомасы 3,7 миллиард доллардан асатын 60-тан астам екіжақты құжатқа қол қ ...
Петропавл қаласында «Серпін» бағдарламасы бойынша биыл диплом алатын түлектер жұмыссыз қалмайды. Түгел жұмысқа тұрады, деп хабарлайды 24kz.
Олар білім алып жатқан оқу орны жергілікті жұмыс берушілермен келісімге қол қойды. Ал жас мамандар қандай салаларда еңбек етеді?
Айдарбек Айтмұхамбетұлы, тілші:
- Аяулым Ералхан – Түркістан облысы Төле би ауданының тумасы. Ол осыдан 4 жыл бұрын «Серпін» бағдарламасы бойынша Петропавлға келіп оқуға түсті. Мамандығы – бастауыш сынып мұғалімі. Биыл қолына диплом алатын жас маман солтүстікте қалып, ауылға барып жұмыс істеуге де дайын.
Аяулым Ералхан, студент:
- Алдағы уақытта осы университетімнің берген мүмкіндіктерін пайдаланып, қаламызда немесе облысымызда жұмыс жасауға дайынмын. Неге қалмасқа деген сұрақ. Себебі бұл да қазақтың жері. Осы жерде жұмыс жасау керекпіз. Осы жерді де өркендету керекпіз.
Манаш Қозыбаев атындағы университетте «Серпін» бағдарламасы басталғалы 1700 студент жоғары білім алды. Енді түлектер жұмыс іздеп әуре болмайды. Оқу орны жергілікті кәсіпорын, ұйымдармен ынтымақтастық меморандумына қол қойды. Биыл диплом алатын 65 студент білім беру, құрылыс, өнеркәсіп, мейрамхана және қонақ үй бизнесінде еңбек етеді.
Ербол Исақаев, университет ректоры:
- Биыл университетімізге «Серпін» бағдарламасы бойынша 200 квота бөлінеді. Бұл ретте облыстық әкімдікпен бірлесе оңтүстік өңірлерді аралауға шығамыз. Үгіт-насихат автобусы сәуір айында аттанады.
Петропавлда «Серпін» бағдарламасы бойынша білім алған жас мамандардың баспана мәселесі де шешілген. Университет жатақханасынан оларға бір-екі жыл тұруға орын беріледі.
Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Қуаныш Қазбеков
Президенттің Жапонияға сапары аясында сомасы 3,7 миллиард доллардан асатын 60-тан астам екіжақты құжатқа қол қ ...
Қазақстан мен Қатар үкіметтері арасындағы қазақстандық азаматтарды Қатарда жұмысқа орналастыруды реттеу туралы ке ...
Бұл туралы Президенттің көмекшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Телеграм-арнасында хабарлады. Мемлекет басшыс ...