Әкімдіктер тұрғын үй көмегін көрсету тетіктерін халыққа кеңінен түсіндіруі керек
Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық ж ...
Жем өзенінің жағалауы мен Құлсары қаласы арасында ұзындығы 65 шақырым қорғаныс бөгеттері салынып жатыр, деп хабарлайды 24kz.
Бүгін Вице-премьер Қанат Бозымбаев Атырау мен Ақтөбе облыстарына қарасты ауылдар мен Құлсары қаласына барып, су тасқынына дайындық барысын тексерді. Қазір өзен жағалауын бекіту жұмыстары жүріп жатыр. Жем өзенінің түбін тереңдету толық аяқталды. Жылыой ауданында 255 арнайы техника жұмылдырылған. Бөгеттерде жағдай тәулік бойы бақылауда. Ауданға Атырау, Маңғыстау және Ақтөбе облыстарынан қосымша күштер мен арнайы техника тартылды. Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов қалада ахуал тұрақты екенін мәлімдеді. Ал, Ақтөбе облысындағы Миялы ауылы мен Ойыл ауданындағы тасқынның алдын алу жұмыстары да қарқынды. Мұнда Ойыл өзені ерекше бақылауда.
Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық ж ...
Мектептен күдік тудыратын жарылғыш зат табылмады. 9 желтоқсан күні қаладағы мектептердің бірінде таңертең сабақ ем ...
Тэгу қаласында Корея Республикасы Климат, энергетика және қоршаған орта министрлігі ұйымдастырған Korea Internationa ...