Хижра бойынша Ережеп айы басталды. Бұл айда ораза ұстау міндет пе
"Ражаб" сөзі ұлықтау, құрметтеу деген мағынаны білдіреді. Мұсылман күнтізбесіне сәйкес, Ережеп айының басталуына о ...
"Қазақ даласындағы зираттарды тек діни тұрғыдан қарастыру дұрыс емес, олар әлеуметтік және саяси маңызға ие орындар ретінде қарастырылған ". Бұл пікірді исламтанушы-теолог Асқар Сабдин айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
"Қазақтың бұрынғы даласындағы зираттар ол – ұлттық қауіпсіздік мәселесіне айналған. Себебі, шекараны зираттар арқылы белгілеген.
Көшпелі қоғамда шекара қызметі тұрақты болмағандықтан, ру-тайпалар өз аумағын белгілеу үшін зираттарды ерекше нышан ретінде пайдаланған. Бұл құбылыс зираттардың діни ғана емес, қоғамдық қызмет атқарғанын да көрсетеді.
Тарихи тұлғалардың зираттарына бару – ұлттың рухани және тарихи жадының сақталуына ықпал ететін маңызды үрдіс.
Мұндай орындарда арнайы әдеп нормаларын сақтау қажеттілігі – тек мәдени дәстүрдің емес, шариғат талаптарының да бір бөлігі.
Себебі марқұмдарға құрмет көрсету – мұсылмандық этиканың ажырамас бөлшегі", — дейді теолог Асқар Сабдин.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Асқар Сабдин (@askar_sabdin)
"Ражаб" сөзі ұлықтау, құрметтеу деген мағынаны білдіреді. Мұсылман күнтізбесіне сәйкес, Ережеп айының басталуына о ...
Бірінші орынды Өскемен қалалық орталық мешітінің наиб имамы Бекзат Құсанбаев жеңіп алды. Астанадағы "Әзірет Сұлтан ...
Бүгін, наурыздың 26-сынан 27-сіне қараған түн – мұсылмандар үшін ең қасиетті Қадір түні. Бұл – мың айдан да қа ...