ҚМДБ 2026 жылғы діни күндер кестесін бекітті
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі 2026 жылға арналған діни күндер кестесі ...
Бірінші орынды Өскемен қалалық орталық мешітінің наиб имамы Бекзат Құсанбаев жеңіп алды.
Астанадағы "Әзірет Сұлтан" мешітінде І республикалық "Үздік имам" интеллектуалды білім сайысы өтіп, үздіктер марапатталды, деп хабарлады ҚМДБ баспасөз қызметі.
ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының айтуынша, басқарманың басты міндетінің бірі – дін қызметкерлерінің біліктілігін үздіксіз көтеріп, ел бірлігіне, қоғам тұрақтылығына, отбасы құндылықтарына, ізгілік пен адамгершілікке үндейтін сауатты діни кадрлар даярлау. Өйткені имам мешіт қызметкері ғана емес, ол қоғамның рухани тірегі, ұлттық тәрбиенің, ел тыныштығы мен ұлт бірлігінің ұйытқысы.
"Бүгінгі білім сайысы әрбір имамның өз әлеуетін көрсетіп, білімін шыңдап, тәжірибесін байытуына үлкен мүмкіндіктуғызды деп есептеймін. Білім сайысына еліміздің әр облысынан іріктеліп келген ең үздік имамдар өздерінің білімі мен парасын паш етті. Сондықтан осы сайысқа қатысқан әрбір имам жеңімпаз атанды деп санаймын. Алла қаласа, имамдар арасындағы бұл жарыс жыл сайын жаңа деңгейде ұйымдастырылып, дәстүрге айналады деген сенімдемін", – деді Бас мүфти.
І республикалық "Үздік имам" интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары:
Сонымен қатар, жүлдегерлер қатарына енбеген имамдарға 50 мың теңгеден ынталандыру сыйақысы берілді.
Оқи отырыңыз:
Ысырапқа жол жоқ! ҚМДБ жаназа мен құдайы астың мәзірін бекітті
ҚМДБ 2026 жылғы діни күндер кестесін бекітті. Ораза 19 ақпаннан басталадыҚазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі 2026 жылға арналған діни күндер кестесі ...
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Құрбан айт мейрамы қарсаңында қазақстандықтарды алаяқтардан сақ болуға шақырды, д ...
"Қазақ даласындағы зираттарды тек діни тұрғыдан қарастыру дұрыс емес, олар әлеуметтік және саяси маңызға ие орындар ...