Хижра бойынша Ережеп айы басталды. Бұл айда ораза ұстау міндет пе
"Ражаб" сөзі ұлықтау, құрметтеу деген мағынаны білдіреді. Мұсылман күнтізбесіне сәйкес, Ережеп айының басталуына о ...
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Құрбан айт мейрамы қарсаңында қазақстандықтарды алаяқтардан сақ болуға шақырды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы .
Биыл құрбан шалу рәсімін оңайлату үшін ҚМДБ тарапынан жасалған игі бастаманы теріс мақсатта қолданып, түрлі алаяқтық әрекеттері орын алуы ықтимал.
Осы себепті еліміздің азаматтарын қорғау мақсатында маңызды ескерту жасаймыз: Құрбан айт мерекесі кезінде өздерінің теріс мақсаттарын жүзеге асыру үшін кейбір белгісіз азаматтар мен ұйымдар жалған құрбандық сайттарын ашып, халықты адастырып, құрбандыққа аударған қаражаттарын өзге мақсатқа пайдаланып кетуі мүмкін. Сондықтан баршаңызды абай болуға шақырамыз, – делінген хабарламада.
Еске салайық, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы құрбан шалу рәсімін оңайлату және әділ ұйымдастыру мақсатында Qurban 2025 ресми онлайн платформасын іске қосты.
Оқи отырыңыздар:
Бұл сайт арқылы құрбандық шалғысы келген әр азамат құрбандық малын таңдап, қаражатты қауіпсіз түрде аудара алады.
"Ражаб" сөзі ұлықтау, құрметтеу деген мағынаны білдіреді. Мұсылман күнтізбесіне сәйкес, Ережеп айының басталуына о ...
Бірінші орынды Өскемен қалалық орталық мешітінің наиб имамы Бекзат Құсанбаев жеңіп алды. Астанадағы "Әзірет Сұлтан ...
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі 2026 жылға арналған діни күндер кестесі ...