«Ұшқыш болмағанына шүкір»: Алматыда автобусты тоқтатып намаз оқыған жүргізуші елдің ашуына тиді (ВИДЕО)
Әлеуметтік желіде Алматы қаласында түсірілген видео қызу талқылануда, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат п ...
Көкшетаулық жігіттің автобуста бейтаныс әжеден таяқ жеген видеосы көпшілік арасында кеңінен тарады. Осы видеодан кейін ол модельге айналып, әлемдік агенттіктен ұсыныс алған. Енді ол Еуропада өтетін сән әпталығына қатыспақ. Өзінің ерекше оқиғасын Шыңғыс Алангазин әлеуметтік желідегі жеке парақшасында айтып берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Видеодағы жігіт 22 жастағы көкшетаулық Шыңғыс Алангазин болып шықты. Ол модельге айналмай тұрып, фотограф болып істеген. Шыңғыстың айтуына қарағанда, былтыр, яғни 2024 жылы қыста әдеттегідей автобусқа мінген. Автобустың ішінде адам лық толы болған. Шыңғыс жол қысқарту үшін смартфоны арқылы шахмат ойнаған. Бір кезде қолы ұйып кеткен соң, бір қолын екінші қолына сүйеп тұрған. Дәл сол сәтте жанында тұрған әжейден оңбай таяқ жеп қалған.
Шыңғысты бейтаныс адам тоқпақтап ұрып жатса да, ол дөрекілік танытпай, ұрыспай, күліп, өзін видеоға түсіруді жалғастыра берген. Кейін осы бейнесін әлеуметтік желіге жариялаған. Бір қызығы, бұл видеосы кеңінен тарап, 6 миллионнан астам рет қаралыпты. Желі қолданушылары оның сабырлығына тәнті болып, оны қолдап пікірлерін жазған. Оған қоса ертесі оған қазақстандық модель агенттігі хабарласып, онымен келісімшарт жасап, өздерінің моделі еткісі келетінін жеткізген екен.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Sargylana Khalilova (@lana_khalilovaa)
Әлеуметтік желіде Алматы қаласында түсірілген видео қызу талқылануда, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат п ...
Облыс орталығында қалалық автобус желісі ертеңнен бастап жаңаша жұмыс тәсіліне көшеді, деп хабарлайды Egemen.k ...
Ақтөбеде Абайдың әндерін автобуста да ести аласыз. Бұл бастама ақынның 180 жылдық мерейтойына арналды. « ...