• 20-06-2025

Елімізде заңсыз майнингпен күрес басталады

Елімізде соңғы кездері рұқсатсыз жұмыс істеп жатқан майнинг орталықтары көбейген. Олар табыс тапса да, салық төлемейді, сол арқылы ел экономикасына зиян келтіруде. Ал заңды түрде жұмыс істеп жатқан компанияларға керісінше, талаптар тым қатаң . Цифрлық даму министрлігі мен Мемлекеттік кірістер комитеті мәселені шешу үшін жаңа жоспар әзірлеп жатыр. Демек, заңсыз майнигпен күрес басталады. Енді барлық кәсіпкерге бірдей, әділ жағдай жасалмақ. Нарықтағы тәртіп күшейеді, қауіпсіздік пен ашықтық болады. Ведомство ақпаратынша, ұсынылып отырған реформалар пакетін жүзеге асыру – бәсекелестік жағдайды теңестіреді. Бұл өзгерістер Ұлттық құрылтайда да айтылған. Жалпы алғанда, Қазақстан цифрлық экономиканы дамытып, заманауи әрі сенімді жүйе құруды мақсат етіп отыр.

Асылбек Данияр