
UFC-дегі қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың менеджері Саят Әбдірахманов промоушеннің қазақстандық спортшының жекпе-жектен бас тартуына қалай қарағанын айтып берді, — деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Tengri Sport басылымына сілтеме жасап
UFC Шавкат Рахмоновқа жартылай орта салмақтағы чемпион Белал Мұхаммадқа қарсы титулдық жекпе-жек ұйымдастырған болатын. Алайда "Номад" денсаулығына байланысты кездесуге қатыса алмады. Оның менеджері Саят Әбдірахманов UFC бұл жағдайға түсіністікпен қарап, келесі жекпе-жекте титул үшін күресуге уәде бергенін жеткізді.
"UFC-ге Канададағы турнирде тағы бір титулдық жекпе-жек қажет болды. Чемпион Белал болғандықтан, олар бізден ұзақ уақыт бойы жекпе-жекке дайындық туралы сұрады. Біз бар күшімізді салдық, бірақ, өкінішке қарай Шавкат 100 пайыз дайын бола алмайтын еді, сол себепті бұл жекпе-жекке шықпауға шешім қабылдадық. UFC бізге "Ештеңе етпейді, қазір басқа біреу төбелеседі, сен келесі боласың деді", – деп мәлімдеді Саят Әбдірахманов.
Айта кетейік, бұған дейін Белал Мұхаммад UFC 310 турнирінде Шавкат Рахмоновпен кездесуден бас тартқан болатын. Ол сүйек инфекциясына байланысты жекпе-жекке шыға алмады. Оның орнына ирландиялық Иан Мачадо Гэрри октагонға көтерілді.
TOP
-
-
-
-
БҰҰ туы астындағы сәтті миссия: Голан жоталарындағы Қазақстан бітімгерлігінің бір жылы (фото, видео)
14.03 -
-
-
-
-
-
-
-
-
«Сүйінші Торғай жұрты»: Ерқанат Көпжасар Ұлттық Құрылтайдан ақжолтай жаңалық жеткізді (ВИДЕО)
14.03 -