Ақтауда 7-сынып оқушысына зорлық жасалғаны туралы ақпарат тарады
Ақтауда жетінші сынып оқушысы бірнеше рет жоғары сынып оқушылары тарапынан зорлық-зомбылыққа ұшырап, болған ...
Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Алматы облысы Жамбыл ауданындағы ауылдардың бірінде болған жетінші сынып оқушысына қатысты жантүршігерлік оқиғаға пікір білдірді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұған дейін әлеуметтік желіде видео тарады. Кадрларда әйел өңірдегі мектептердің бірінде басшылықты айыптағаны көрінеді. Ол директорға видео көрсетіп, жетінші сыныпта оқитын жетім қызға қатысты оқиғаға түсініктеме беруін талап етеді.
Сондай-ақ, кәмелетке толмаған қызға қорлық көрсетілген кадрлар желіде тарап, көпшіліктің ашуын тудырды.
Жамбыл ауданы білім бөлімінің мәліметінше, оқиға 21 қыркүйекте мектептен тыс жерде болған, мектеп директоры бұл туралы 13 қазанда біліп, құқық қорғау органдарына хабарлаған.
Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева Instagram парақшасында осы оқиғаға қатысты пікір берді.
"Кәмелетке толмаған жеті бала анықталды. Тергеу жүріп жатыр. Аймақтағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл мен психологиялық қолдау орталығының қызметкерлері дүйсенбіден бастап оқиға орнында жұмыс істеп жатыр", — деп жазды Зәкиева.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ақтауда жетінші сынып оқушысы бірнеше рет жоғары сынып оқушылары тарапынан зорлық-зомбылыққа ұшырап, болған ...
Шымкентте тұратын 12 жастағы Әлтайыр Ерназаров соңғы жеті жылда 650 кітап оқыған, деп хабарлайды Egemen.kz. ...
Мектептен күдік тудыратын жарылғыш зат табылмады. 9 желтоқсан күні қаладағы мектептердің бірінде таңертең сабақ ем ...