Қарағандыда этно-заманауи стильдегі киім үлгілері көрсетілді
Ұлттық нақыштағы сәнді ұлықтаған «Nauryz Fashion» фестиваліне Қарағанды, Алматы және Астана қалаларынан келген бір ...
Қазақтың ұлттық киімі әлемнің әр түкпірінде танымал. Париждегі отандасымыз ұлттық құндылығымызды дәріптеп, қазақтың киім-кешегін нақышына сай насихаттап жүр, деп хабарлайды 24kz.
Бұл – Франция астанасының солтүстігіндегі Бельвиль көшесі. Осы жерде аты аңызға айналған әйгілі француз әншісі Эдит Пиафтың кіндік қаны тамған. Сол себепті жұрт Бельвиль көшесін жақсы біледі. Сондай-ақ мұнда қазақтың ұлттық киімдерін өндіретін тігін шеберханасы да орналасқан. Түркияның қазағы Абдулла Чобаноглу 30 жылдан бері киім тігумен айналысады. Ол Парижге 1980 жылдардың аяғында қоныс аударған. Абдулла негізін қалаған мына дүкеннен ою-өрнекпен безендірілген ұлттық көйлек-көншіктен бастап сөмке, кәдесыйдың түр-түрін табуға болады.
Абдулла Чобаноглу, тігінші:
- Өзі қазақ ұлтының киімдерін Францияға, Парижге таныстырайын, көрсетейін дедім. Француздар әрбір ұлттың киімдерін жақсы көреді. Әсіресе, мен тіккен қазақ киімдері, маталарын мына дүкен ішіне салғанда бәрі келеді, сұрайды. «Мынау қай жердің ұлттық киімі?» деп сұрайды. Мен де сол «Қазақстан, қазақ» десем, «керемет, күшті» дейді. Қазақстанды жақсы көреді. Қазақ адамдарын жақсы көреді.
Абдулла француз жеріндегі отандастарымызды ұлттық киім-кешекпен қамтамасыз етіп отыр. Мерекелерге арнайы тігеді, тіпті кез келген ортаны қазақтың ұлттық дәстүріне сай безендіріп береді. Әсіресе, Ұлыстың ұлы күні қарсаңында Абдулланың қызметіне сұраныс артады.
Реджеп Гюнай, Франциядағы Түркі қазақтары қауымдастығының президенті:
- Сол үшін келдік осы жерге. Наурызға киім тіктірдік. Осы Парижде осы кісі жалғыз қазақтың ұлттық киімдерін тігетін кісі.
Париж жұртының қазақтың ұлттық киіміне деген қызығушылығы Абдулланың тігін саласына ынта-жігерін одан сайын арттыра түсті. Ол атамекеніндегі дәстүр, үрдіс, салтымызға қатысты жаңалықтарды қалт жібермейді. Енді алдағы уақытта шеберханасын кеңейтіп, қазақстандық дизайнерлерге арнап дүкен ашуды жоспарлап отыр.
Авторлары: Әсия Нұрлыбаева, Алия Сыздыкова