60 қазақстандық халықаралық іздеуде жүр
0:00:00 0:00:00 Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз ! Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 60 адамды ...
0:00:00
0:00:00Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!
«Qazaqstan» Ұлттық арнасы көрермендерге мерекелік тарту жасайды. 22 наурыздан бастап 5 күн қатарынан тарихтан тамыр тартып, ұлттық бояумен қаныққан, танымды әрі тағылымды бағдарламаларды көрермен назарына ұсынады. Сондай-ақ халықаралық фестивальдерде топ жарқан отандық және шетелдік кино, отбасылық комедия, анимация жанрындағы фильмдер көрсетіледі. Арнамыздың демалыс күндерге арналған бағдарламалар кестесімен тілшіміз таныстырады.
Ұлттық арнаның Наурыз мейрамына арналған басты тартуы — «Ұлыс оң болсын!» жобасы. Ұлттық һәм ұлық мейрамды дәріптейтін тағылымды бағдарлама 22 наурыз күні эфирге шығады. Жобаның бір ерекшілігі ол 4 сағат қатарынан жарнамасыз көрсетіледі.
Болат Мүрсәлім, «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасының директоры:
Роза Рымбаева, Рамазан Стамғазиев бастаған дәстүрлі және эстрада әншілерінің елге танымал, керемет әндерімен халықтың ықыласына бөленіп жүрген әншілердің бәрін қамтыған жоба. Ұлыс оң болсын жобасынан бөлек сол күндерде бүкіл Қазақстанға гострольдік сапар жасап жүрген Сәкен Майғазиевтің 50 жасына арналған өзінің концертін эфирге қойып отырмыз. Одан бөлек қаншама киномыз, фильмдеріміз бар, анимация бар.
Ал 23 наурыз күндіз кішкентай көрермендерге «Disney» компаниясының ең үздік туындыларының бірі, бұған дейін біздің аумақта көрсетілмеген «Райя мен соңғы айдаһар» мультхикаясы көрсетіледі. Дәл сол күні «Сәлем, Еуропа!» отбасылық комедиясы ұсынылады. Кешке Оскардың 6 бірдей жүлдесіне, «Алтын глобустың» 4 жүлдесіне үміткер болған «Арыстан» фильмі алғаш рет қазақ тілінде көрерменге жол тартады.
Гүлназ Көкішева, «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасының бағдарлама директоры:
Осы бес күн демалыста көрермендер зерікпейді. Оған қоса 24 наурыздан бастап оқушылардың көктемгі демалысқа шығуын ескере отырып, DreamWorks-тың ең үздік мультхикаяларын эфирге қоямыз. Күнделікті 13:20-дан бастап «Ергежейлілер: мереке жалғасады» мультфильмі көрсетіледі.
Ұлттық арна ұжымының мақсаты көрермендеріне мерекелік афмосфера сыйлап, демалыс күндерін мазмұнды өткізуге мүмкіндік жасау. Сондықтан «Көпес Қосшығұлов», «Жыл басы», «Ұлы дала тарихы. Өткенді түгендеу» сынды деректі һәм танымдық фильмдер де эфирден көрсетіледі.
24 наурыз күні 21:25-те «Ыстық ұя» телехикаясының тұсаукесері өтіп, «Beu» заманауи музыкалық жүлдесінің телевиялық нұсқасы ұсынылады. 25 наурыз күні де мерекелік бағдарламалар мен жобалар жалғасады. Сондай-ақ, елде және әлемде болып жатқан айшықты оқиғалардан хабар беретін «Aqparat» жаңалықтар қызметі де демалыссыз жұмыс істейді. Сондықтан Ұлттық арна қосулы болсын!
Нұрсұлтан Тілектес