«Бәрін сезген екен ғой»: Өлімін болжаған қазақ әншісінің сұхбаты қызу талқыға түсті (ВИДЕО)
2023 жылдың 24 ақпанында Darkhan Juzz сахналық атымен танылған қазақстандық музыкант Дархан Жүнісбеков Таиланд ...
Кезінде танымал болған “Мақсат пен Мақсат” тобының экс әншісі Мақсат Құрақбаев жеке өмірінен сыр шертті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Мақсат пен Меруерт жұбы “Тату-тәтті” бағдарламасында қонақ болды.
“Былай қарап тұрсам, бізде бәрі дұрыс сияқты. Ағамның жеті, одан кейінгісінде бес баласы бар. Егізден де бар. Біздің әулетте балалы бола алмауға қатысты проблема жоқ сияқты. Дәрігердің сөзін естегенде мұздай су құйып жібергендей болды. Қазақта көбіне әйелден көреді ғой. Менен болғаннан кейін ешкімге айта алмадым. Анама да, әкеме де. Бір күні Меруертке (жарына) айтуыма тура келді. Бірден айта алмадым. Дайындалдым. Әншейін айта салмай, екеуміз екі жаққа кете салуымыз керек, өйткені оның жастық шағын маған арнап, балалы болмасақ не боламыз деп ойладым. Әрбір ананың арманы – бала сүю. Махаббатым деп өмірін өткізіп жіберем бе деген ой кетті. Өзіме оны айту оңай болған жоқ. Қазір біраз уақыт өткеннен кейін айтып жатырмын ғой. Ол кезде қатты қиналдым. Бір айдай айта алмай жүрдім. 10 жылдай көрінді. Өз-өзімді жеп қойдым. Содан не керек, Меруертке бәрін айттым. Сол кезде маған “Мақсат, қандай жағдай болса да, мен сенімен біргемін” деді. “Мен ертең қартайып, әже болып кетсем де өкінбеймін” деді. Сол маған үлкен күш берді, – деді әнші.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Qazaqstan.tv Ұлттық телеарнасы (@qazaqstantv)
2023 жылдың 24 ақпанында Darkhan Juzz сахналық атымен танылған қазақстандық музыкант Дархан Жүнісбеков Таиланд ...
Танымал әнші Нұрғали Нүсіпжановтың қайын енесі дүниеден озды. Қаралы хабарды өнер иесі жеткізді, — деп ха ...
Әлеуметтік желіде әйелдерге қатысты айтқан пікіріне байланысты Қазақстандағы концерті тоқтатылған Jah Khalib лақап а ...