Шайды күн сайын ішу қауіпті ме?
Танымал нутрициолог Мира Панова Tengri Life-қа берген сұхбатында күнделікті қара және көк шай ішу қанша ...
2025 жылғы Ораза кестесіне сәйкес 27 наурызға қараған түн — Қадір түні, — деп хабарлайды Massaget .kz тілшісі.
Қадір түні араб тілінде Ляйлятуль-Кадр немесе Аль-Кадр деп айтылады. Мағынасы "қасиетті, қадірлі, құдіретті, маңызды түн" дегенді білдіреді. Қадір түнінде Мұхаммед пайғамбарға Жәбірейіл періште келіп, Құранды берген деп саналады. Бұл Рамазан айының аяғы, яғни он түнінің бірі болған. Ораза айында мың айдан да қадірлі түн бар екені айтылады. Бұл түн Қадір түніне сәйкес келеді. Қадір түні туралы Құран Кәрімнің "Қадір сүресінде" де айтылған.
Құранда Қадір түні оразаның соңғы он түнінің бірінде екені айтылған, бірақ нақты күні айтылмаған. Бұл түні періштелер жерге түсіп, береке орнайды деп саналады. Періштелердің жерге түсуі Қадір түні маңызды екенін көрсетеді.
Қадір түні басталғанға дейін толық дәрет алған жөн, сонымен қатар, теріс ойлардан жаны мен жүрегін аулақ ұстаған дұрыс. Осы түнде жасаған күнәлар үшін кешірім сұрап, өкініп, көп дұға еткен жөн.
Құлшылық жасап, сауапқа кенелетін ең ұтымды уақыт — Қадір түні. Сонымен қатар, Құран оқып, мағынасын түсініп, діни білім алған абзал екені айтылады.
Нұрлан имам бұл түнді шама келгенше құлшылықпен өткізуге кеңес береді.
"Ұйықтамауға тырысу керек және шама келгенше ғибадат, жақсы амалдар жасау қажет. ...Тағдырлы түндеріңізде тағдырға әсер ететін көп жақсы амал жасау керек", — дейді имам.
Сондай-ақ, имам бұл түні Қыдыр атаны күтудің қажеті жоқ екенін айтты.
"Кейбіреулер терезені ашып қояды, шекер қояды, дастархан жаяды. Ешкім келмейді, ешкімді күтпеу керек. Кімде кім күтсе, көзіне елестеп, адасып кету қаупі бар. Бұл біреуді күтіп, есеп айырысатын күн емес. Бұл — тек құлшылық түні", — деп ескертті имам.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!