• 31-03-2025

Шайды күн сайын ішу қауіпті ме?

Танымал нутрициолог Мира Панова Tengri Life-қа берген сұхбатында күнделікті қара және көк шай ішу қаншалық пайдалы екенін, олардың ағзаға әсерін және қандай шай түрлері зиян болуы мүмкін екенін айтты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Күнде шай ішуге бола ма?

Нутрициологтың айтуынша, көк шайдың құрамында катехиндер мол, ол антиоксиданттық және сергітетін әсерге ие. Сонымен қатар, жүрек-қан тамырлары және нейродегенератив аурулардың алдын алуға көмектеседі. Алайда оны аш қарынға ішуге болмайды, себебі шай асқазанды тітіркендіруі мүмкін.

Қара шай — кең таралған күнделікті сусындардың бірі. Ол таниндерге бай, бірақ мөлшерден тыс тұтыну қан қысымын көтеруі мүмкін, әсіресе, гипертонияға бейім адамдар үшін қауіпті.

Шөп шай ең қауіпсізі саналады. Әсіресе, түймедақ, жалбыз, итмұрын, мелисса және зімбір шайларының пайдасы зор.

Ал жеміс шайларының құрамына көбіне жасанды хош иістендіргіштер мен қант қосылады, сондықтан олардың құрамын мұқият тексерген жөн.

Нутрициолог күніне 2-3 шыны шай ішуді ұсынады, әсіресе, жапырақ қосылған шайға басымдық берген дұрыс. Себебі жапырақ қосылған шайда белсенді заттар көбірек сақталады.

Жүрек-қан тамырлары ауруы кезінде қандай шай ішуге болады?

Гипертониясы бар адамдарға каркаде шайы пайдалы. Ол қан тамырларын кеңейтіп, несеп айдаушы әсерге ие, қан қысымын төмендетуге де көмектеседі.

Қандағы қант деңгейі жоғары адамдар даршын, бойдана немесе қаражидек қосылған шай ішуіне болады.

Сондай-ақ, қаражидек жапырағы мен бұршақ қабығынан жасалған фитошайлар да пайдалы. Олар гликозидтер мен антиоксиданттарға бай, еуропалық бұл тәсіл қант деңгейін реттеуге септігін тигізеді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!