Қарнақ ауылындағы қоқыс полигоны ретке келтіріледі
Түркістан облысындағы Қарнақ ауылының тұрғындары көптен бері экологиялық мәселеге алаңдаулы еді, деп хабарл ...
Түркістан мен Қызылорда облыстарындағы су айдындарында уылдырық шашу кезеңі басталды , деп хабарлайды 24kz.
Осы кезеңде табиғат қорғау инспекторлары өзен-көлдерді жағалап, балық аулаушыларға арнайы жадынама таратып, заң талаптарын түсіндіруде. Инспекторлардың айтуынша, уылдырық шашу – балықтардың көбейіп, табиғи тепе-теңдіктің сақталуы үшін маңызды кезең. Осыған байланысты бұл уақытта балық аулауға заңмен шектеу қойылған. Дегенмен, заңға бағынбайтындар әлі де бар. «Өкінішке қарай кейбір азаматтар тыйым салынған құралдармен су маржанын аулауды тоқтатар емес. Былтыр облыс аумағында заңсыз балық аулауға қатысты 10 қылмыстық іс тіркеліп, табиғатқа 15 миллион теңгеден астам шығын келтірілді», - дейді мамандар. Аталған істер бойынша қаскөйлер жазасыз қалған жоқ. Бір адам 6 жылға бас бостандығынан айырылса, екі азамат шартты жазаға кесілген. Қалғандарынан айыппұл өндірілді. Биыл осындай құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында уылдырық шашу кезеңіне дейін профилактикалық шаралар қолға алынған.
Руслан Сейітмұратов, Арал-Сырдария облысаралық бассейіндік инспекциясының бас маманы:
- Жару құралдарын пайдаланып, тоқ құралдарын пайдаланған, Қызыл кітапқа енген балық түрлерін аулаған кезде ол Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде қаралған. Мысал ретінде айтсам, қаяз балықтарын ауласа, 6 жылға бас бостандығынан айыруға дейін апарады. Қызылорда облысы, Сырдария өзенінде 1 сәуір мен 30 мамырды қоса алған аралықта, Шардара су қоймасында 1 сәуірден 10 мамырды қоса алған аралықта балық аулауға тыйым салынған.
Түркістан облысындағы Қарнақ ауылының тұрғындары көптен бері экологиялық мәселеге алаңдаулы еді, деп хабарл ...
Түркістан облысында спирттік ішімдіктен бас тартқан ауыл саны 60-тан асты. Осының нәтижесінде елдімекенде ...
Қарағанды облысында суға кеткен балықшының денесі алты күннен бері іздестіріліп жатыр. Ол Топар ауылына ...