Екібастұзда 140 ұпай жинаған түлекке бес миллион теңге беріледі
Екібастұзда 140 ұпай жинаған түлекке бес миллион теңге берілетін болды, деп хабарлайды Egemen.kz. Мұнд ...
0:00:00
0:00:00Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!
Шымкенттік студенттер жылдам құрылып, тез жиналатын және экстремалды жағдайларға лайықталған киізүй құрастыруда. Оны кез келген автокөлікке тіркеп алып, саяхаттауға болады. Сондай-ақ жер сілкінісі, су тасқыны, дауыл секілді табиғат апатынан зардап шеккен аймақтарда пайдалануға ыңғайлы.
Модульді баспана кәдімгі автокөлік тіркемесінің үстіне жинақталады. Салмағы 1 тоннаға жетер жетпес. Ал жазылған кездегі аумағы 14 шаршы метрдей. Оны екі адам 2 сағатқа жеткізбей құрастырып тастайды. Қаңқасы жеңіл конструкция, сырты ақ киізбен жабылған.
Назар Қожахметов, IV курс студенті:
4 метр болса, ал жинақталса 2 метр болады, толық ашылған кезде. 3 адамға дейін сыяды. Ал егер экстремалды жағдай кезінде ішіндегі энергия 8 адамды қамтамасыз етуге жетеді.
Жылжымалы киіз үйді жапан түзге апарса да адамның күнкөрісіне қажетті инфрақұрылымы түгел жұмыс істейді. Жылу, жарық, ауыз судың барлығы электр қуаты арқылы алынады. Ауадағы ылғалды конденсациялау арқылы тіркеменің астындағы бөшкеге сағатына 1 жарым литр су жинақталады. Баспана инфрақызыл сәулелі еден төсеніші арқылы жылытылады. Ал оларға қажетті электр энергиясы күннің шуағынан және желден өндіріледі.
Бақдәулет Орынбасаров, IV курс студенті:
Күн панелі арқылы біз жарық ала аламыз. Оны аккумляторға жинаймыз энергиясын. Альтернативті вариант ретінде мен желдеткішті ала алам. Күн жоқ кезде немес жел қатты болған кезде альтернативті нұсқамыз жақсы қызмет істейді.
Білім ордасы соңғы 4 жылдың ішінде осындай 13 ғылыми жобаны іске асырды. Оның дені педагогикалық, робототехника және СТЕМ технологиясы бағытында. Оған мемлекет тарапынан 425 миллион теңге бөлінді. Биыл тағы 37 ғылыми жаңалықты арнайы комиссияның іріктеуіне жіберген.
Гүлжан Сүгірбаева, Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті ректорының міндетін уақытша атқарушы:
Биыл мысалы 2 жас ғалым екі жобаны ұтып алды, «Жас ғалымдар» конкурсында. Олар жалпы сомамен 60 миллион теңге. Оларды, стартап жобаларды коммерцияландыруға мүмкіндігіміз бар.
Назар мен Бақдәулет жылжымалы киіз үй жобасын әлі де жетілдіру үстінде. Нақты масштабтағы баспананы құрастырып біткеннен соң экстремалды жағдайда сынақтан өткізіп көрмек.
Ғани Қалмаханов