Қазақстанда әлеуметтік көмек алушыларды тексеру күшейеді
Қазақстанда әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақыларды алу тетігі қайта қаралып, көмек алушыларды тексеру күшейтіледі, д ...
Астанада темекіге балама өнімдерді тұтынатын мыңнан астам адам анықталып, жазаланды. Снюс, насыбай, кальянды заңсыз сатқан кәсіпкерлер де әкімішілік жауапкершілікке тартылды. Қала әкімдігінің баспасөз өкілдерінің хабарлауынша, оларға бас-аяғы 4 миллион теңгеден асатын айыппұл салынған. Мәселен , тек Сарыарқа ауданында жыл басынан бері шегілмейтін темекі өнімдерін қолдануға байланысты 315 құқықбұзушылық тіркелді. Ал, Алматы ауданында тыйым салынған заттарды сатып келген 32, Сарайшықта 5 дүкеннің жымысқы әрекеті әшкере болды. Байқоңыр ауданында 53 құқықбұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сондай-ақ, Есіл ауданында кальян шеккен 756 адам жазаланды. Нұра ауданында шегілмейтін темекі өнімдерін заңсыз сатудың 6 дерегі анықталды. Профилактикалық рейдтер қала бойынша әлі де жалғасады.
Асылбек Данияр
Қазақстанда әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақыларды алу тетігі қайта қаралып, көмек алушыларды тексеру күшейтіледі, д ...
Санжар Тәтібеков, «Talap» коммерциялық емес АҚ президенті ...
Еліміздегі барлық сала цифрланып келе жатқан қазіргі жағдайда мамандарды қайта даярлау ерекше маңызды болып отыр. Әс ...