• 16-06-2025

Алғашқы АЭС-ты «Росатом» салатыны туралы шешім өзгермейді

Атом энергетикасы жөніндегі агенттік Қазақстандағы алғашқы АЭС құрылысына таңдалған консорциумға қатысты пікір білдірді.

«Росатом» мемлекеттік корпорациясының консорциум жетекшісі ретінде таңдалуы бірнеше деңгейде, атап айтқанда, Атом саласының мамандары, Қазақстанның Атом энергетикасы агенттігі, сондай-ақ атом саласын дамыту мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиямен жүзеге асырылды. Бағалау әдістемесін халықаралық тәуелсіз кеңесші – Assystem компаниясы растаған. Сондықтан қабылданған шешім қайта қаралмайды және бірінші АЭС жобасы бойынша түпкілікті деп есептеледі», – деп хабарлады Атом энергетикасы жөніндегі агенттік.

«Росатом» ВВЭР-1200 ядролық реакторын ұсынып отырғаны белгілі болды.

«Мұндай энергоблоктар қазірдің өзінде Ресей, Беларусь және Қытайда сәтті жұмыс істеп тұр. Сондай-ақ Түркия, Египет, Қытай, Бангладеш және Венгрияда құрылысы жүріп жатыр», – делінген хабарламада.

Айта кету керек, бұған дейін Қазақстандағы бірінші АЭС құрылысын ресейлік «Росатом» жүргізетіні анық болды. Еліміздегі екінші АЭС-ты қытайлықтар салады.