Лос-Анджелес мэрі мигранттарды тексеруді тоқтатуға шақырды
Лос-Анджелес мэрі қаладағы мигранттарды тексеру шараларын тоқтатуға шақырды. Карен Басстың айтуынша, көші-қон поли ...
Пәкістан билігі АҚШ президенті Дональд Трампты 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығына ұсынды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ресми мәлімдеме 21 маусымда Пәкістан үкіметінің X әлеуметтік желісіндегі парақшасында жарияланды.
"Аймақтағы шиеленіс күшейген тұста президент Трамп Исламабад пен Нью-Делимен белсенді дипломатиялық диалог жүргізе отырып, стратегиялық ойлау мен көрнекті мемлекет қайраткеріне тән қасиеттерін көрсетті", – делінген жазбада.
Government of Pakistan Recommends President Donald J. Trump for 2026 Nobel Peace Prize
The Government of Pakistan has decided to formally recommend President Donald J. Trump for the 2026 Nobel Peace Prize, in recognition of his decisive diplomatic intervention and pivotal…
— Government of Pakistan (@GovtofPakistan) June 20, 2025
Үндістанмен туындаған дағдарысты реттеуде Трамптың рөлі ерекше болғаны атап өтілді. Ол жанжалдың ушығуын тежеуге, атысты тоқтатуға және ядролық қаруы бар екі ел арасындағы ауқымды соғыстың алдын алуға мүмкіндік берді делінген.
Пәкістан билігі Трамптың бұл әрекетін "нағыз бітімгер" деп бағалады.
Сондай-ақ, мәлімдемеде президент Трамптың Кашмирге қатысты Үндістан мен Пәкістан арасындағы көп жылдан бергі даулы мәселеге арағайындық жасап, бейбіт жолмен шешуге ұсынған шынайы көмегі ерекше атап өтілді. Бұл мәселе өңірлік тұрақсыздықтың басты себебі болып отыр.
2025 жылғы Пәкістан мен Үндістан арасындағы дағдарыста Трамптың көшбасшылық танытуы оның прагматикалық дипломатия мен тиімді бітімгерлік жолын жалғастырып келе жатқанын көрсетті.
Исламабад АҚШ басшысының бұл қадамы Оңтүстік Азия аймағы мен бүкіл әлемде, әсіресе Таяу Шығыстағы дағдарыстар аясында (оның ішінде Газа секторындағы гуманитарлық апат пен Иранға қатысты шиеленіс) тұрақтылық орнатуға сеп болады деген үмітін білдірді.
Айта кетейік, 10 мамырда Ақ үй басшысы Үндістан мен Пәкістан "толық әрі дереу атысты тоқтату" туралы келісімге келгенін мәлімдеген еді. Оның айтуынша, бұл келісім АҚШ-тың делдалдығымен жүзеге асқан.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!