«Білім мен ғылым – әлемді өзгерте алатын ең басты күш» - Қасым-Жомарт Тоқаев
Президент білім және ғылымды ешқандай шекара талғамайтын , барлық елге ортақ стратегиялық маңызы айрықша са ...
Ақмола облысында осымен екінші жыл қатарынан қазақ тілін жеңіл, әрі өздігінен үйренуге бағытталған «Qaz Tech» ІТ жобалар байқауы өтті. Қазақ тілін цифрлы тіл моделіне айналдыру бағытында 12 жоба таныстырылды. Іс-шараны облыстық ішкі саясат басқармасы мен облыстық цифрландыру және архивтер басқармасының «Smart Aqmola» мекемесі бірлесіп өткізді.
Мемлекеттік тілді үйренем деушілерге арналған сайттар мен жобалар бүгінде жетерлік. Сондықтан қатысушыларға қойылған басты талап – іске қосылмаған тың жобаларды ұсыну болды, — дейді ұйымдастырушылар. Байқауда бас жүлдені Көкшетау университеті жанындағы көпсалалы колледждің 4-ші курс студенті Диас Болат жеңіп алды. Оның «Ақылды тіл» жобасы тек тіл үйренушілерге ғана емес, мұғалімдердің қолдануына да ыңғайлы етіп жасалған. Бірнеше бөлімнен тұратын сайттың ең басты ерекшелігі – жасанды интеллект технологиясын енгізу болды, — дейді студент.
Диас Болат, Көкшетау университеті жанындағы көпсалалы колледждің студенті:
Басқа бағдарламаларға қарағанда мұнда бізде жасанды интеллект бар және онымен жұмыс атқара аламыз. Одан бөлек басқа бағдарламаларға қараған курстарды енгізіп, ол курстармен басқалармен бөлісеміз. Мысалы ол курстарда текст мәтіні арқылы, аудио-видео арқылы, одан бөлек әртүрлі тесттер жасай аламыз және басқа адамдармен бөлісіп, оны қалай шешкенін байқай аламыз.
Бибінұр Әмірханқызы
Президент білім және ғылымды ешқандай шекара талғамайтын , барлық елге ортақ стратегиялық маңызы айрықша са ...
Мемлекет басшысы "Қазақстан – академиялық білім аймағы" стратегиялық серіктестер форумында сөз сөйледі. Прези ...
Мемлекет басшысы "Қазақстан – академиялық білім аймағы" стратегиялық серіктестер форумында сөз сөйледі. Прези ...