Елімізде қанша шетел азаматы жұмыс істейді?
2025 жылы 13 202 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикағ ...
Орталық Азияда жасанды интеллектті зерттейтін сарапшылар мен ғалымдардар қауымдастығы құрылуы мүмкін. Сенат жанындағы «Талдау мектебінің» қатысушылары осындай ұсыныс айтты. Мемлекет басшысы да бұл бағытқа үлкен көңіл бөлу керектігін айтып келеді. Өйткені 2030 жылға қарай цирфрландыру және жасанды интеллекттің әлемдік жалпы ішкі өнімдегі үлесі 15 трлн долларға жетеді деген болжам бар. Сондай-ақ аталған қос саланың арқасында 300 млн жұмыс орны ашылады. Сондықтан қазірден бастап жасанды ителлектті күнделікті өмір мен экономикаға ендіру мәселесін тездету керек. Ең бастысы оны зерттеп жүрген ғалымдардың басын қосу маңызды.
Әйгерім Бахтиярова, Сенат жанындағы «Талдау мектебінің» қатысушысы:
Себебі Қырғызстанда, Өзбекстанда ғалымдар жасанды интеллект бойынша диссертациялар жазып жатыр. Қазақстанда диссертация жазып жатқан бірен-саран адамдар бар бірақ ең өкініштісі біздің сарапшыларымыз, ғалымдарымыз бір-бірін біле бермейді.
«Талдау мектебінің» аналитикалық материалдар жинағы таныстырылды
Айта кету керек, Сенат жанындағы «Талдау мектебінің» төртінші легі жасақталды. 70-ге жуық қатысушы білім беру ісіндегі инклюзия, гендерлік теңгерім, жасыл энергетиканы дамыту, өнеркәсіпті өркендету, заң шығару қызметінде жасанды интеллектті қолдану сынды 7 бағыт бойынша жұмыс істейді. Бүгін мектеп түлектерінің еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі аналитикалық материалдар жинағының таныстырылы өтті.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
Біз бүгінгі және бұған дейін жарық көрген барлық материалдар жинағын Парламент депутаттарына, салалық мемлекеттік органдарға, талдау орталықтарына, университеттерге жолдаймыз. Сондай-ақ ашық жариялаймыз. Осы ретте бұл еңбек жоба аясында дайындалған үшінші ұжымдық аналитикалық зерттеу екенін атап өткен жөн.
Нұрсұлтан Тілектес
2025 жылы 13 202 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикағ ...
«Қазақстандық қоғамдық даму институты» Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «SARAP» эксперттік клу ...
Республика күні қарсаңында Астанада "Әділетті Қазақстан: азаматтық қоғам мен мемлекеттің серіктестігі " ұраныме ...