Тігіншілік: Жіпке өрілген еңбек жолы
Қостанай қаласындағы тігін фабрикасы өңірдегі жетекші жеңіл кәсіпорындардың бірі. Бүгінде мұнда 300-ге жуық адам ...
Елімізде медицина саласын цифрландыру қағазбастылықтан арылтып, жылдам жұмыс істеуге септігін тигізді. Әрбір адамның денсаулық құжаты цифрлық форматқа ауыстырылып, кез келген анықтамалар электронды түрде берілуде. Ал Түркістан облысындағы емдеу мекемелерінде барлық құрал-жабдық пен қондырғылар заманауи үлгіге алмастырылып, бұрын соңды болмаған оталар жасалуда.
Бұл — Түркістан облыстық көпбейінді балалар ауруханасында жасалып жатқан кезекті ота. Емдеу орталығының кардиохирургиясына жоғары технологиялық көмек енгізілудің арқасында соңғы 10 жылда туа біткен жүрек кемістігі бар балаларға 3 мыңнан аса ота жасалды. Ағымдағы жылы жасалған 35 отаның 27-сі ашық жүрекке бағытталған. Медициналық құрал-жабдықтар озық үлгіде болған соң шетелдік дәрігерлер де жиі келеді.
Юрий Линник, Беларусь Республикалық балалар хирургиясы ғылыми-тәжірибелік орталығының бөлім меңгерушісі:
Ауруханадағы заманауи медициналық технологиялардың арқасында бұрын жасалмаған жүрек ақауы мен ісіктерді алып тастау сияқты күрделі оталарды жасап жатырмыз. Жалпы, қазір балалар арасында жүрек аурулары көбейіп бара жатқан соң, кардиомедицинада үнемі жаңа технологиялар енгізіп, мамандардың біліктілігін арттырып отыру маңызды.
Емдеу мекемесінде консультативтік-диагностикалық емхана ашылып, сурдологиялық және телемедициналық орталықтар жұмыс істей бастады. Соңғы кезде тіліксіз оталар жасалып, кішкентай науқастар тез айығып кетуде.
Рафик Амиров, дәрігер-ангиохирург:
Кіші имвазивті технологиялар бойынша жабық әдіспен жүрекке, қантамырға, жүрек қан системасына күрделі және жоғары технологияларға сай операциялар жасалынуда. Ол республикалық орталықтарда жасалынатын. Қазір облыс тұрғындарына осындай көмек көрсетуге мүмкіндігіміз бар.
Ал неонаталдық хирургияның дамуы туа біткен патологиясы бар жаңа туған балалардың өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді. Балалар офтальмологиялық қызметі өз бейіні бойынша өңірдегі жалғыз орталық.
Алтын Досанова, Түркістан облыстық көпбейінді балалар ауруханасының бас дәрігері:
Құжаттардың барлығы электронды форматта, жолдама да, медициналық карталар да — барлығы бүгінгі таңда цифрландырудан өткен. МРТ аппараты, КТ аппараты, ангиграф аппаратымен қамтамасыз етілген. Қағазсыз жұмыс істеуге толық мүмкіндік бар.
Көпбейінді ауруханада педиатрия және балалар хирургиясы бойынша жалпы саны 31 бағытта мамандандырылған медициналық қызметтер көрсетіледі. 427 төсек орынмен қамтылған емдеу мекемесінің мамандары Израиль, Түркия, Беларусь және Ресейде білімдерін жетілдіріп отырады.
Айнұр Әбілқасымқызы