Тіл туралы заң: қоғамдық тамақтану орындарына қандай талап қойылады?
Кез келген бизнес Қазақстан Республикасының тіл туралы заң талаптарын сақтауға міндетті. Ереже бұзылса, кли ...
Ақтөбеде Абайдың әндерін автобуста да ести аласыз.
Бұл бастама ақынның 180 жылдық мерейтойына арналды. «Айттым сәлем Қаламқас», «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай» мен «Бойы бұлғаң» сияқты туындылар қала тұрғындарына кеңінен насихатталуда.
Баратын жеріне асыққан жолаушылар номері 28-автобусқа мінгенде құлақтан кіріп бойды алар, әсем әуен естиді. Көңілге түрлі ой салатын әндерді жұрт сүйсіне тыңдайды, дейді жүргізушісі. Поэзиямен қатар музыкаға да құмартқан Абайдың шығармалары осылай насихатталып жатыр.
Болат Сарыбалдақов, автобус жүргізушісі
- Жолаушылар тыңдап отырады. Үлкен адамдар ғой негізінен Абайдың әндерін тыңдайтын. Әжелер деген сияқты.
Ақынның музыкалық мұрасын тұрғындар арасында кеңінен насихаттау — жергілікті биліктің бастамасы. Жолаушылар тасымалдаушы компанияларға ұсыныс жасап, таспаларды да табыстапты.
Ұлан Өксікбаев, жолаушы тасымалдау мекемесінің директоры:
- Абайдың мерейтойына қатысты әкімшіліктен ұсыныс болды осы біздің автобустарымыздың ішінде Абайдың өлеңдерін, Абайдың шығармашылықтарын қосуға. Соны біз қосып жатырмыз. Халық жақсы қабылдап жатыр.
Мекетай Тоқсанбаев, қала тұрғыны:
- Абайдың әндері де өлеңдері де жақсы ғой, айтқан әңгімелері де адам тұралы. Осылай қосып қойса жақсы ғой жастарға. Халыққа, балаларға тәрбиеге жақсы ғой. Үйренеді. Санасына балалардың.
Абайдың әндері қаладағы нөмірі 8, 20 және 28-бағыттағы автобустарда да қосулы. Ұйымдастырушылар ұлт мұрасына айналған шығармалар жинағын басқа бағыттардағы қоғамдық көліктердің жүргізушісіне табыстамақ.
Ислам Тоқтарбайұлы, қала тұрғыны:
- Абайдың енді біршама өлеңдері бар ғой қазақ халқына жазылып кеткен, өсиеттеген 45 қара сөзі бар, "Көзімнің қарасы" бар, "Желсіз түнде жарық ай" әндері бар қазақ халқында әлі де кең таралып жүрген, жастар сүйсініп тыңдайтын.
Көзімнің қарасы,
Көңілімнің санасы.
Бітпеейді іштегі,
Ғашықтық жарасы.
Мансұр Есқожин, Айнадин Молдабеков, Айбек Даутов