Көлге айналды: Орал халқы тағы да суға батқан көшелерге наразы
Оралда бүгін түстен кейін жауған нөсерден кейін қала көшелері қайтадан су астында қалды , деп хабарлайды Sk ...
Орал қаласында анасы 5 жастағы баласының сөйлемей қалғанын бұрынғы күйеуінің «кәлима үйретемін» деген сылтаумен жүйелі түрде ұрып-соғуымен байланыстырып, дабыл қақты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Әйел адамның жазбасы әлеуметтік желіде жарияланды. Айтуынша, бала қазіргі кезде диагнозбен ем қабылдап жүр, өзі жалғыз өсіріп, халық көмегімен емдетіп келеді.
Автордың сөзінше, бұрынғы күйеуі бұған дейін де күш көрсеткен. Таңға дейін соққыға жығылып, полициямен ауруханаға жеткізілгенін айтады. Сонымен бірге, ер адамды Оралдағы діндарлар «қайырымдылықпен айналысатын» ретінде танитынын, алайда сотта ол өзін жұмыссыз ретінде көрсетіп, баласына алимент төлеуден жалтаруға тырысқанын жеткізеді. Анасының айтуынша, іс Орал қаласында қаралған.
Бұл деректер әзірге ресми органдар тарапынан расталған жоқ. Полиция мен қамқоршылық органдарынан пікір алу мүмкін болмады. Оқиғаға қатысы бар тараптардың барлығының да уәжін тыңдау маңызды.
Оралда бүгін түстен кейін жауған нөсерден кейін қала көшелері қайтадан су астында қалды , деп хабарлайды Sk ...
Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданындағы мектептердің бірінде оқушы қатарласын пышақтап тастады, деп ха ...
Оралда садақ атудан Қазақстан кубогінің ІІІ кезеңі басталды. Сайысқа еліміздің 7 өңірі мен 3 қаласынан 160- ...