Алматы базарында шетелдік туристке қазақша үйреткен оқушыға 2 университетке грант табысталды
Алматы базарында филиппиндік блогерге қазақша үйреткен жасөспірімге швейцариялық және Қазақ Америка универ ...
Қазақстандық жастардың бір бөлігі биыл «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен тегін білім алу құқығына ие болды. Қордың «Білім беру гранттары» бағдарламасы аясында 2025–2026 оқу жылына арналған гранттар бөлініп, қаржыландыру көлемі Қамқоршылық кеңестің 2025 жылғы 24 шілдеде өткен №24 шешімімен бекітілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қордың баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл жылы гранттар 72 жоғары және орта білімнен кейінгі оқу орнында қарастырылған. Оның ішінде 70 оқу орнынан конкурс комиссияларының хаттамалары мен талапкерлердің құжаттары ұсынылса, екі оқу орнында бағдарлама талаптарына сай үміткер табылмаған.
Қорытындысында 449 талапкер грант иегері атанып, келесі санаттар бойынша білім алу мүмкіндігіне ие болды:
Айта кетейік, бағдарлама іске қосылғалы үш жылдың ішінде 93 оқу орнынан 3 859 студент білім грантын иеленген. Биылғы көрсеткішпен бірге қордың қолдауымен жоғары білім алу мүмкіндігіне қол жеткізген жастардың жалпы саны 4 308 адамға жеткен.
Алматы базарында филиппиндік блогерге қазақша үйреткен жасөспірімге швейцариялық және Қазақ Америка универ ...
Оралдық сарбаздар жоғары оқу орындарының грантына ие болды, деп хабарлайды 24kz. Білім сертификаттарын Қор ...