Павлодарда мемлекеттік құпия мәліметтерді жинаған колонияның бұрынғы басшысы сотталды
№45 мекеменің бұрынғы басшысына қатысты қылмыстық іс жабық режимде өтті. Істің жай-жапсары ашық айтылмайды, деп хаба ...
Облыстағы «AMANAT» партиясының белсенділері тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатымен рейд ұйымдастырып, ашық қалған коммуникациялық люктер, электр қондырғылары және балалар мекемелеріндегі терезелердің жағдайын тексерді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Коммуникациялық люктердің темір қақпақтарын алуға тиым салынғанымен темір қалдықтарын жинайтын кейбір ұйымдар әлі күнге ондайды ішінара қабылдай береді. Соның кесірінен ішімдікке құмар, азып кеткен адамдар қоршаған ортаға қауіптілігін ескермей қаланың шетіндегі люктердің қақпағын темір жинаушыларға өткізіп, бетін ашық қалдырған. Аманаттықтар осы мәселені анықтап, тиісті мекемелерден пластмассалық қақпақтар алғызып, бетін жапқызды.
«Біз қайғылы жағдайды күтіп отырмай, алдын алу шараларын күшейтуіміз керек. Әрбір адам қауіпті байқаса, жауапты мекемелерге дереу хабарлауы керектігін ескертеміз», – деді қалалық мәслихат депутаты Тимур Жұманов.
Рейд барысында сондай-ақ аулалардағы электр қондырғылары да тексерілді. Сонымен бірге мектептер мен балабақшалардағы терезелерге орнатылған бекіткіштердің бар-жоғы анықталды.
ПЕТРОПАВЛ
№45 мекеменің бұрынғы басшысына қатысты қылмыстық іс жабық режимде өтті. Істің жай-жапсары ашық айтылмайды, деп хаба ...
Павлодар облысында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасымен кейінгі екі жылда 30 денсаулық сақт ...
Құтқарушылар қыс мезгілінде мұз үстінде болатын оқыс оқиғалардың алдын алу үшін Есіл өзенінде тұрақты түрде патрульдеу ...