
Журналист Гүлмира Әбіқайға оқырманы 7 жасар қыздың Tik Tok желісінен көрген видеолардың әсерінен жынданғанын айтып, көмек сұрады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Хат иесінің жазғанына сенсек, кішкентай қыз TikTok-тан қорқынышты видеолар көріп, ақыл-есін жоғалтып алған.
«Сәлеметсіз бе! Көмегіңіз қажет! Шұғыл! Інімнің 7-жастағы қызы тик-токтан қорқынышты видео көріп, бірнеше күннен бері ақыл-есін жоғалтып алды. Тіпті әке-шешесін танымай жатыр. Көзі адамға түспейді. Молдаға апарып дем салдырып, оқытып жатырмыз. Ішіне үрей қатты кіріп кеткен дейді. Түнімен көз ілмей, шырылдап шошып шығады. Агрессиясы бар. Соңғы екі күнде сөйлемей қойды.
Жалпы, сап-сау бала. Бұған дейін асыр-салып ойнап, сөйлеп тұрған бала. Мұндай жағдайда не істеу керек? Көмектесер кім бар? Кімді білесіз? Жазыңызшы. Алланың разылығы үшін көмек қажет», — деп жазған хат жолдаған желі қолданушысы.
Ал Гүлмира Әбіқай TikTok— та шектен тыс отырып, ақылынан айырылғандардың саны көбейіп жатқанын айтады.
«Достар, күндіз-түні тик ток көріп, ақыры ішіне жын еніп қазір ем қонбай жатқан тағы бір қыз бар. Оның жасы 20-да. Соңғы кезде мұндай күйге түскендер күрт көбеюде. Бұл не індет?», — деп жазды ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Гульмира Абыкай (@gulmir_ktk)
TOP
-
-
"Бір адамға - екі килограмм": Алматы әкімдігі тұрғындарға аула қоршауын сырлауға арналған бояуды тегін беріп жатыр
14.03 -
«Жабайылық деген осы»: Меруерт Түсіпбаева Түркістан облысындағы мешітте балаларға аяғын уқалатқан дін қызметкерін сынады
14.03 -
-
-
БҰҰ туы астындағы сәтті миссия: Голан жоталарындағы Қазақстан бітімгерлігінің бір жылы (фото, видео)
14.03 -
-
-
"Қараңғыда жұмысқа бармайтын болдық": Риддер қаласында жұмыс уақыты бір сағатқа шегерілді
14.03 -
-
-
-
-