«Сүйектен өтетін сөздер»: Төреғалидің қарындасы келеңсіз жағдайға тап болғанын айтты
Белгілі әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы, блогер Фариза Төреәлі әлеуметтік желіде келеңсіз жағдайға тап болғанын а ...
Танымал эстрада әншісі Төреғали Төреәлінің қарындасы, блогер Фариза Төреәлі қиын жағдайға тап болғанын айтып, ағынан жарылды.
Бұл туралы Сaravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Блогер басындағы жағдаймен желідегі парақшасында бөлісті.
«Бір түрлі жағдайға тап болдым. Шыны керек, өмірімде бірінші рет мұндай. Алдынан бері көтергім келіп жүрген тақырып еді, ситуацияға дәл келіп тұр екен. Анамды бір сергітіп, көңілін көтеріп қайтайын деп киноға алып шықтым. Енді ғана кірейін деп жатқанда, бір үлкен әйел баласымен дәл алдымызда кетіп бара жатты.
Өзім орындарды қарап, бірдеңеге мән беретіндей тұрған жоқ едім. Әлгі әйео естіртіп тұрып ұлына менің ағам жайлы ауыр сөздер айтып бара жатпасы бар ма… Не айтқандарын тіпті жазғым жоқ. Сүйектен өтер сөздер. Оны естіп алып тамағыма бірдеңе тұрып қалғандай болдым. Қасымда анам бар, анам оны естіген жоқ. Дап-дардай әйел, қасында ұлы тұр. Ұлына сондай әңгімелер айтып бара жатыр. Жауап бермеске қоймады, жанына бардым да, «келесіде тіліңізге ие болыңыз, алдыңызда сізді не күтіп тұрғанын білмейсіз» дедім сабырмен сыбырлап.
Ары қарай кетіп қалдым. Әшейінде ең үндемес, ең конфликттен қашатын мен ақымды жібермедім…
Анашымды қуантайын деп шыққан түрім еді. Анамның естімегеніне қуандым… Аналар күні, мейрам, ораза… Адамдар адамдықтан жұрдай болған заман ба, айтыңыздаршы? Сабыр деген — басыңды салбыратып, ақыңды жегізу емес. Ол жалтақтық, әлжуастық…
Не де болса, енді өз өзіме келдім. Ескерту ретінде бөліскім келген тақырып еді. Ешкімді әңгіме қылмай, тып-тыныш жүрейікші», — деп сөзін қорытындылады ол.
Белгілі әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы, блогер Фариза Төреәлі әлеуметтік желіде келеңсіз жағдайға тап болғанын а ...
Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы, әнші Төреғали Төреәлі денсаулығы аяқ асты сыр беріп, ауруханаға түсіп қа ...