Астанада Қадір түнінде қоғамдық автобустар жолаушыларды тегін тасымалдайды
Астанада Қадір түнінде, яғни 26 наурыздан 27 наурызға қараған түні тұрғындарды мешіттерден тегін қатынайтын арнайы автоб ...
Жолаушылар тасымалы ел ішінде 12%-ға жуық артқан. Логистика саласында қандай түйіткіл бар? Көліктің қай түріне сұраныс жоғары?
Биылғы қаңтар-қазан аралығында былтырғы кезеңмен салыстырғанда «Көлік және қоймалау» секциясы қызметтерінің нақты көлем индексі 120,7%-ды құрады. Осы кезеңде 954,9 млн. тонна жүк тасымалданды. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 8,1% жоғары. Сонымен қатар республика бойынша жолаушылар тасымалы рекорд жаңартып тұр. Ел ішіндегі қозғалыс ағынының айтарлықтай өскені байқалуда. Мысалы, 10 айда жалпы 1 млрд 591,3 млн. жолаушы тасымалданып, өсім 11,9%-ға жеткен.
Жолаушылар тасымалы жайында мынадай қызықты дерек бар: мысалы, 1 жарым млрд-тан астам тасымал жасалды дедік, ал осыдан тасымалдаушы компаниялар 1,2 трлн теңге пайда тапқан. Елде такси қызметін пайдаланушылар былтырға қарағанда 2,4 есеге артқан. 10 айда 137,1 млн жолаушы таксимен қатынаған. Ал пойыз жолаушылары керісінше, 6,7% азайған. 16,3 млн жолаушы теміржол көлігін таңдаса, әуе көлігі арқылы 13 млн жолаушы тасымалданды. 10 айдағы өсім 6,1%-ды құрап отыр. Әуе тасымалдаушылары жолаушы қарасының көбейгеніе орай 750 млрд теңгегеге жуық табыс тапқан.
Тағы бір мәрте кестеге көз салайық. Жолаушылар тасымалы Шымкент қаласында 28 жарым, Алматы қаласында 25,1% өссе, Алматы облысында 1,6 есе өскен. Түркістан облысында 20%-ға жуық, Қызылорда облысында 15,8%, Абай облысында 13,7% өсім байқалды. Жолаушылар ағыны Жетісу, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарында өзге өңірлерге қарағанда бәсең болғаны да байқалды.
Сөз басында айтқан жүк айналымы қай өңірлерде көбірек өсті? Алғашқы бестікті атап өтсек, бұл — Атырау, Жетісу, Абай облыстары 47 пайыздан 31 пайызға дейін. Одан кейін Маңғыстау, Түркістан облыстарында 10 айда жүк айналымы 20 пайыздан жоғары артқан. Қалған өңірлерде 5-10 пайыз шамасында өсім бар.
«Жалпы көлік саласындағы өсім серпіні ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру арқылы қамтамасыз етілуде», — дейді мамандар. Биыл ұзындығы 7 мың шақырым автожолда жұмыстар аяқталады. Бұл жолдардың 4 мың км-ы республикалық маңызы бар, 3 мың км-ы жергілікті маңызы бар жол саналады. Алматы станциясының айналма теміржол желісінің құрылысын аяқтау, көлік инфрақұрылымын жаңғырту, көлік паркін жаңарту жұмыстары жалғасуда. Өзге де жоспарлар жайында Көлік министрлігі Теміржол инфрақұрылымы басқармасының бас сарапшысы Данияр Анарбек айтып берді.
Данияр Анарбек, ҚР Көлік министрлігі теміржол және Су көлігі комиеті теміржол инфрақұрылымы басқармасының бас сарапшысы:
- Жылдың соңына дейін Алматы айналма желісінің жобасы аяқталуы жоспарлануда. Достық-Мойынты теміржол желісінің стратегиялық маңызын атап айтатын болсақ, бұл Трансқазақстандық теміржол дәлізінің негізгі бастамасы болып табылады. Жобаны іске қосқаннан кейін өткізу қабілетін бес есеге артады. Яғни қазіргі таңда 12 жұп пойыз тасымалданса, осы жоба аясында тәулігіне 60 жұп пойызға дейін өтетін болады. Сонымен қатар одан кейінгі жобалар Қызылжар-Мойынты, Қызылжар-Сексеуіл, Шалқар-Бейнеу және Бейнеу-Маңғыстау жобалары да бар. Барлығы сәуір айынан басталып келесі жылдың аяғына дейіін қолданысқа беріледі деп күтілуде.
Сондай-ақ еліміздің көлік-транзиттік және теміржол тасымалдарының өткізу қабілетін арттыру мақсатында жалпы ұзындығы 4600 шақырым болатын теміржол желілері салынып жатыр.