• 29-03-2025

Астанада Қадір түнінде қоғамдық автобустар жолаушыларды тегін тасымалдайды

Астанада Қадір түнінде, яғни 26 наурыздан 27 наурызға қараған түні тұрғындарды мешіттерден тегін қатынайтын арнайы автобустар жүреді , деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.

Қосымша көлік 22:00-ден бастап қатынайды, автобустың соңғы жүретін уақыты – таңғы 04:00-де. Автобустар қала тұрғындарының ыңғайлы жүруін қамтамасыз ете отырып, қаланың аталған аудандарына жеткізу үшін қатынайтын болады.

Арнайы көлік қозғалысының маршруттары:

«Республикалық Бас мешіт» мешіті – Целинный шағын ауданы, «Есу каналы» аялдамасы және Республика даңғылы;

«Әзірет Сұлтан» мешіті – «Спутник» супермаркеті, Теміржол вокзалы және Көктал-1,2 тұрғын алабы;

«Әбу Насыр Әл-Фараби» мешіті – «Көктал-1,2» тұрғын алабы, Теміржол вокзалы және Медициналық колледж;

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешіті – «Көктал-1,2» тұрғын алабы және Киричный тұрғын алабы;

«Рахымқызы Райса ана» мешіті – автобустар «Рахмет» сауда орталығы;һ.

Қосымша маршруттарды іске қосу жолдарда кептеліс болуына жол бермейді және елорданың барлық тұрғыны үшін қолайлы қозғалысты қамтамасыз етеді.