Ұлытау облысында жедел басқару орталығы ашылды
Әмбебап кешен өңірдегі 4 мыңға жуық бейнебақылау камерасын тәулік бойы қадағалайды. Бақылау құралдары көшел ...
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Заң мен тәртіп» жобасы аясында білім алушылар арасында «Фемида-2025» кәсіби шеберлік сайысы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жиынға Қызылорда облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Жанат Оспанова, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Айдос Жүнісов және университеттің комплаенс-офицері Әлібек Жаппасбаев төрелік жасады.
Сайысқа «Құқықтану» білім беру бағдарламасының 1-курс студенттерінен құралған бес команда қатысып, 5 кезең бойынша бақ сынады. Әр команда өз білімдері мен тапқырлықтарын сынға салып, 5 балдық жүйе бойынша бағаланды.
Іс-шара студенттерді әділдік пен жауапкершілікке баулып, қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын терең орнықтыру мақсатында ұйымдастырылды.
Сайыс қорытындысы бойынша «Ю-24-7» – І орын, «Ю-24-1» – ІІ орын және «Ю-24-9» командасы – ІІІ орын иеленді. Ал Бас жүлде «Фемида-2025» «Ю-24-3» командасына бұйырды. Үздік командаларға арнайы дипломдар мен алғыс хаттар табысталды.
Әмбебап кешен өңірдегі 4 мыңға жуық бейнебақылау камерасын тәулік бойы қадағалайды. Бақылау құралдары көшел ...
Қызылорда қаласында орнатылған жаңа қоқыс контейнерлері бар-жоғы үш айдың ішінде жарамсыз күйге түскені жұртты ...
Үш жыл бұрын жазасын өтеушілерден шамамен 800 шағым түскен болса, өткен жылы бұл көрсеткіш 165-ке дейін төмен ...