Астанада үстіне кондиционер құлаған 23 жастағы фельдшер көз жұмды
Дәрігерлер қажетті медициналық көмекті көрсеткен . Астанада тұрғын үйдің қасбеті құлап кетуі салдарынан ауыр ж ...
Жетісу облысы Ақсу ауданында фельдшер шалғай ауылдардың бірінде медициналық көмекке зәру әйелге көлікпен жете алмай, атпен барды. Оған толассыз жауған жаңбыр себеп болған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Облыстық денсаулық басқармасының Instagram желісіндегі парақшасында жергілікті тұрғынның фельдшерді атпен күтіп алған сәтінен видео жарияланды.
"Толассыз жауған жаңбыр салдарынан жол жүру қиындап, жедел жәрдем ауылға жете алмай қалды. Салт атты жергілікті тұрғын фельдшерге көмекке келді.
Фельдшер өзімен бірге медициналық қобдишасын алып, атқа мінгесті. Жылқы су шайған жолмен медицина қызметкерін ауылға жеткізді. Науқасты тасымалдауға басқа да арнайы қызметтер жұмылдырылды. Бірлескен іс-әрекет пен жергілікті тұрғынның қамқорлығының арқасында әйел облыстық ауруханаға жеткізілді. Бұл оқиға төтенше жағдайда өзара көмек пен жедел әрекет етудің маңыздылығын көрсетеді", — делінген хабарламада.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасы (@zhetysu_oblzdrav)
Дәрігерлер қажетті медициналық көмекті көрсеткен . Астанада тұрғын үйдің қасбеті құлап кетуі салдарынан ауыр ж ...
8 қарашада Астанадағы Тәуелсіздік даңғылында орналасқан тұрғын үйдің кірпіш қасбеті мен кондиционері құлап, бес адам ...
Жетісу облысының Жаркент қаласында «Таза Қазақстан» акциясы ұйымдастырылды. Шараға жиналған көпшілік саяб ...