Өзбекстан құрамасы Астанада өтетін бокстан Әлем кубогына қатыспайды
Астанада өтетін World Boxing 2025 жылғы Әлем кубогының кезеңіне Өзбекстан құрамасы келмейді. Бұл ақпаратты ҚР ...
Жақында ғана Италияның Лидо-ди-Йезоло қаласында кикбокстан әлем кубогі жолындағы жарыс аяқталды.
Осынау байрақты бәсекеде қазақ елінің намысын қорғаған Бибарыс Сауханбек қола жүлдеге қол жеткізді. Механик болып жұмыс істейтін Бибарыстың биіктен көрінуінің сыры неде?
Бибарыс Сауханбек біз ойлағандай кәсіпқой спортшы емес, қарапайым жұмысшы екен. Яғни қала тазалығына жауапты «Астана Тазалық» мекемесінің механигі болып жүргеніне бір жылдан асқан. Бала жастан спортты серік еткен Бибарыс бәріне үлгеріпті. Сынған көліктерді жөндей жүріп-ақ жаттығуға уақыт тапқан. Еңбегі еш кетпей, кикбокстан Италияда өткен әлем кубогі жолындағы жарыста қола жүлдегер атаныпты.
Бибарыс Сауханбек, кикбокстан әлем кубогінің жүлдегері:
- Әрине, жұмыспен бірге алып жүрген сәл қиындық тудырады, шаршайсың. Енді әрине, соның бәріне алдымызға мақсат қойғанбыз. Мақсатыма жетпей қоймаймын.
Қауырт тірліктің арасында әріптестері де Бибарысты жеңісімен құттықтауға жиналыпты. Түркістан облысы Түлкібас ауданында туған Бибарыс Сауханбек бұған дейін де Ресейде өткен әлем кубогі жолындағы жарыста топ жарған. Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы. Арамызда чемпион бар екенін о баста білмедік. Енді спортшының келесі жарыстарға алаңсыз дайындық жүргізуіне мүмкіндік береміз, — дейді мекеме басшысы.
Замир Сағынов, «Астана Тазалық» мекемесінің бас директоры:
- Басында біздер оны спортшы деп білген жоқпыз. Қарапайым жұмысқа алдық. Айтқан жұмысты істейді. Өздерінің басшыларынан кетіп қалды, жұмыс істемейді деген әңгіме болған жоқ.
Тәртіпке бағынып, тазалық пен спортты қатар алып жүрген азамат әріптестеріне ғана емес, кейінгі жастарға да үлгі.
Бибарыс Сауханбектің ендігі мақсаты – әлем чемпионатында топ жару.
Жандос Айтбайұлы
Астанада өтетін World Boxing 2025 жылғы Әлем кубогының кезеңіне Өзбекстан құрамасы келмейді. Бұл ақпаратты ҚР ...
Фристайл-могулдан Қазақстан құрамасының бапкерлер штабы Энгадиндегі (Швейцария) әлем чемпионатына қатысатын құ ...
Қазақстандық гимнаст Зейнолла Ыдырысов Бакуде (Әзірбайжан) өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде үздік үштіктен кө ...