Қазақстанда коуч қызметін көрсетуге рұқсаты бар мамандар тізімі жарияланады
Премьер-министр Олжас Бектенов Сенат депутатының сауалына берген жауапта коучинг қызметінің кәсіби стандарты бекітілет ...
Жыл соңына дейін Креативті салаларды одан әрі дамыту тұжырымдамасы әзірленуі тиіс.
Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Мәдениет және ақпарат министрлігі барлық мүдделі мемлекеттік органдармен бірге 1 шілдеге дейін Креативті индустрияны дамыту қорын құруы керек. Оның негізгі мақсаттары инвестиция тарту, жобаларды қаржыландыру, сондай-ақ отандық шығармашылық өнімдердің экспортына жәрдемдесу болуға тиіс. Сондай-ақ өңірлік ерекшеліктерді ескере отырып, шығармашылық жобаларды мемлекеттік қолдаудың нақты шараларын енгізу қажет", — деді Үкімет басшысы.
Сөзінше, құзырлы мемлекеттік органдар осы жылдың соңына дейін 2026-2030 жылдарға арналған Креативті салаларды одан әрі дамыту тұжырымдамасын әзірлеуге тиіс.
"Ақмола, Алматы, Жетісу, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар облыстарының әкімдіктері осы жылдың соңына дейін облыс орталықтарында креативті хабтар құруы қажет. Олардың базасында креативті индустрия өкілдері жобаларды қаржыландыру үшін инвесторлармен өзара іс-қимыл жасайтын пәрменді алаңдар құрылуы керек", — деді Олжас Бектенов.
Премьер-министр Олжас Бектенов Сенат депутатының сауалына берген жауапта коучинг қызметінің кәсіби стандарты бекітілет ...
Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Президент тапсырмасына сәйкес, желтоқсан айында мемлекеттік шека ...
Бүгін Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов әуе жолдары арқылы тасымалданатын жүктерді халықаралық станда ...