Ауа райына байланысты бірқатар облыстарды жол жабылды
"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы мәлімдеді. Ауа райының нашарлауына байланысты ...
Түркістан қаласындағы «Ұлы дала елі» орталығында 18 наурыз – Ұлттық киім күніне орай арнайы көрме ұйымдастырылды.
Бұл көрме қазақтың ұлттық киімдерінің алуан түрлілігін, олардың тарихы мен мәдени маңызын насихаттауға бағытталған.
Көрмеде қазақтың дәстүрлі киім үлгілері, соның ішінде шапан, сәукеле, кимешек сияқты ұлттық киімдер қойылды. Әрбір киімнің өзіндік мәні мен ерекшелігі бар, олардың жасалу әдістері мен қолданылу дәстүрі келушілерге кеңінен таныстырылды. Іс-шара барысында келушілерге ұлттық киім үлгілерінің аймақтық ерекшеліктері көрсетіліп, олардың ерекшеліктері мен символдық мағынасы туралы ақпарат берілді.
Көрме қонақтары қазақтың ұлттық киімдерін киіп, арнайы фотоаймақта суретке түсу мүмкіндігіне ие болды. Сонымен қатар, ұлттық қолөнер шеберлерінің жұмыстары таныстырылып, олардың жасаған бұйымдары да көпшілікке ұсынылды.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы мәлімдеді. Ауа райының нашарлауына байланысты ...
"Қазгидромет" 2025 жылғы 14 желтоқсанда Астана, Алматы қалаларында, сондай-ақ бірнеше облыс орталықтары мен өң ...
Жобаны жүзеге асыру 2021 жылы басталды. Өскеменде Шығыс Қазақстан облысындағы май өнеркәсібі саласында заманауи жә ...