Ақтөбе облысында Әлия Молдағұлованың 100 жылдығы тойланды
Ақтөбе облысының Қобда ауылында Әлия Молдағұлованың 100 жылдығы атап өтілді, деп хабарлайды El.kz интернет пор ...
Ақтөбе облысында онға жуық ауылдың жолын су басып, қатынас қиындаған. Еріген қар суы өткелдерді шайып кетті. Салдарынан, Ойыл, Темір, Мұғалжар, Алға және Қобда ауданындағы елді мекендер зардап шегіп отыр. Қарабұлақ ауылдық округіндегі Амангелді ауылына кіреберіс жол жарамсыз боп қалды. Ал «Қандыағаш – Ембі – Шалқар – Ырғыз» автожолында барлық көлік түрінің қозғалысына шектеу қойылған. Аталған елді мекенге балама бағыттар бар. Алайда Ойыл ауданында жағдай күрделі. Өңірге Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаментінің 31 сарбазы көмекке барды. Ал қорғаныс министрлігіне қарасты инженерлік-сапёрлік бригадасының әскери қызметшілері Ойыл өзенінің үстіне уақытша өткел салуға кірісті.
Дастан Кәрімов, №58012 әскери бөлімі командирінің орынбасары:
-Платформада инженерлік техникалар, яғни, Краз-255Б екі дана, суда жүру транспортирі бір дана, БМК сүйреткіш моторлы катер екі дана, сонымен қатар десанттық және көпірлерді құру мақсатында 11 әскери қызметші жіберілді.
Нұржау Тұрғамбеков, Ойыл ауданы әкімінің орынбасары:
-Бүгінгі таңда мына Құбасай ауылы, Қараой ауылы, Ақшатау ауылы, Қарасу ауылдарында автомобиль жолдарында су басып, жол қатынасы үзілген болатын. Ауылдардың қазіргі жағдайда ахуалы тұрақты. Азық-түлік, дәрі-дәрмек барлығы қамтамасыз етілген.
Ақтөбе облысының Қобда ауылында Әлия Молдағұлованың 100 жылдығы атап өтілді, деп хабарлайды El.kz интернет пор ...
Ақтөбе облысында Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдық мерейтойына арналған шаралар жалғасуда, деп хабарл ...
Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатында Мьянмадағы жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны турал ...