«Бала сөйлемей қалған»: Астанада тәрбиеші 3 жасар балақайды ұрып-соққан
Астана қаласындағы "Алтоша" балабақшасында тәрбиеші үш жасар баланы ұрып-соққан, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат ...
Жамбыл облысы Меркідегі балабақшаның бірінде 10 бала ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды 24kz.
Оның бірі жансақтау бөлімінде жатыр. Тоғыз баладан ішек, бір бүлдіршіннен энтеровирустық инфекция анықталған. Дәрігерлер балалардың жағдайы бірқалыпты екенін айтты. Аудандық ауруханада арнайы мамандар тобы инфекцияның неден тарағанын анықтауға кірісті. Ал орталықтың жұмысы 2 күнге тоқтатылып, дезинфекция жүріп жатыр. Құзырлы орган өкілдері қылмыстық кодекстің 304-бабы, яғни, санитариялық қағидалар немесе гигиеналық нормативтерді бұзу дерегі бойынша тергеу бастады.
Әнел Мұхаева, Меркі аудандық ауруханасы бас дәрігерінің м.а.:
- 10 бала түскен шағымдары іші өту, құсу, және дене температурасы 37-39-ға дейін көтерілгеннен. Қазіргі қауіп жоқ, тұрақты ем қабылдап отыр. Балалардың жағдайы ауырласа, Таразға алып кетеді емдеуге.
Астана қаласындағы "Алтоша" балабақшасында тәрбиеші үш жасар баланы ұрып-соққан, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат ...
Ота кезінде асқазан қуысынан шыққан магниттің ұзындығы шамамен 0,5 сантиметр. Ата-анасының айтуынша, ол ойнап жүріп ...
Петропавлдың «Жас өркен» шағын ауданында 280 орынды қазақ балабақшасы ашылды, деп жазады Egemen.kz. ...