Әлемдегі ең ірі банктің бірі Ресейден кетеді
Қаржы ұйымы Ресейдегі соңғы активтерін сатып жатыр. Citigroup америкалық банк конгломераты Ресейдегі соңғы бизнесі ...
Француздар әйгілі мүсінді 1886 жылы 28 қазанда АҚШ-қа сыйға тартқан.
АҚШ-тың Ақ үйі Еуропарламент мүшесі Рафаэль Глюксманның Бостандық мүсінін Францияға қайтару туралы ұсынысына теріс жауап берді. Француз саясаткері бұл бастамасын АҚШ-тың демократиядан алыстап, "тирандар жағына шыққанымен" түсіндірді, деп жазады inbusiness.kz Коммерсантъ-ке сілтеме жасап.
Ақ үйдің баспасөз хатшысы Каролин Левитт президент Дональд Трамп мүсінді Францияға қайтара ма деген сұраққа: "Мүлдем жоқ", – деп жауап берді.
Ол сондай-ақ: "Бұл төмен деңгейдегі француз саясаткеріне айтарым – француздардың қазір неміс тілінде сөйлемеуінің себебі тек Америка Құрама Штаттарының арқасы екенін еске салу", – деді.
Бостандық мүсіні Францияда мүсінші Огюст Бартольдидің басшылығымен жасалып, он жылға жуық уақытты алған.
Мүсін АҚШ-қа 1885 жылдың маусымында жеткізіліп, 1886 жылдың 28 қазанында президент Гровер Кливлендтің қатысуымен ашылу рәсімі өтті. 1984 жылдан бастап ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізілген.
Қазіргі уақытта мүсін Нью-Йорк шығанағындағы Бостандық аралында, Манхэттеннен шамамен 3 км қашықтықта орналасқан.
Қаржы ұйымы Ресейдегі соңғы активтерін сатып жатыр. Citigroup америкалық банк конгломераты Ресейдегі соңғы бизнесі ...
АҚШ бірпартиялы мемлекетке айналуы мүмкін. Бұл туралы кәсіпкер Илон Маск X желісіндегі парақшасында жазды, ...
АҚШ-тағы жаңа жылдық мерекелік бөлшек сауда көлемі биыл алғаш рет 1 трлн долларға жеткелі тұр. Аталған сала ...