Тоқаев жаңа энергетика министрін тағайындады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев энергетика министрін тағайындады, деп хабарлайды Skifnews .kz ақпарат ...
Павлодар, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстық соттарының жаңа төрағалары таныстырылды, деп хабарлайды Egemen.kz. Жоғарғы сот мәліметіне сілтеме жасап.
«Олардың алдына соттарда сот төрелігін жүзеге асыру сапасын арттыру — бірінші кезектегі міндет ретінде қойылды», делінген хабарламада.
Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы болып тағайындалған Азат Ізбасаров 1978 жылы Алматы облысы Текелі ауылында дүниеге келген.
1999 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін бітірген.
1999-2009 жылдары — Алматы және Алматы облысы ІІД-нің тергеушісі, тергеу бөлімінің бастығы қызметтерін атқарған;
2009-2018 жылдары — Алматы облысы Қарасай аудандық сотының судьясы, Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы;
2018-2021 жылдары — Маңғыстау облыстық сотының судьясы;
2021 жылдан бастап осы уақытқа дейін Батыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы.
Маңғыстау облыстық сотының төрағасы болып тағайындалған Мақсұт Текетаев 1970 жылы Қызылорда облысы Шиелі ауданында дүниеге келген.
2003 жылы Д.Қонаев атындағы университеттің заң факультетін (Алматы) тәмамдаған.
2001-2007 жылдары — Алматыда сот орындаушысы, аға сот орындаушысы қызметтерін атқарған;
2007-2022 жылдары — судья, Талғар аудандық сотының төрағасы;
2022 жылдан бастап қазіргі тағайындалғанға дейін – Қызылорда облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы.
Павлодар облыстық сотының төрағасы болып тағайындалған Серік Төлегенов 1968 жылы Алматы облысы Айдарлы ауылында дүниеге келген.
1998 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің заң факультетін аяқтаған.
1990-2003 жылдары — сот хатшысы, сот приставы, Жоғарғы Сот аппаратының консультанты;
2003-2007 жылдары — Астанада Алматы аудандық сотының судьясы;
2007-2022 жылдары — Ақтөбе қалалық сотының төрағасы, Алматы қаласы Алмалы ауданының No2 аудандық сотының төрағасы;
2022 жылдан бастап қазіргі тағайындалғанға дейін – Павлодар облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы.