Жыл сайын жарты миллион азамат жұмыс берушілердің қаржысы есебінен оқиды
Еліміздегі барлық сала цифрланып келе жатқан қазіргі жағдайда мамандарды қайта даярлау ерекше маңызды болып отыр. Әс ...
Елімізден заңсыз шығарылған активтерді қайтару шарасы жалғасып жатыр.
Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бигайдаров мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Заңсыз шығарылған активтерді қайтару бойынша жұмыс қоғамның мемлекеттік институттарға деген сенімін арттыруға бағытталған негізгі міндеттердің бірі болып қала береді. 2022 жылдан бері мемлекетке және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне 1,12 трлн теңгеден астам актив қайтарылды", — деді Данияр Бигайдаров ведомствода өткен баспасөз мәслихатында.
Ресми өкілдің айтуынша, қылмыстық жолмен алынған қаражат пен мүлікті іздестіру жұмыстары ел ішінде де, шетелде де жүргізіліп жатыр.
"Осы мақсатта Қаржылық мониторинг агенттігінің барлау бөлімшелерімен, сондай-ақ халықаралық серіктестермен белсенді ынтымақтастық орнатылып, бейресми байланыс арналары мен басқа да желілер пайдаланылып жатыр. Бұл ұрланған қаражатты жедел анықтауға және қайтаруға мүмкіндік береді", — дейді ол
Еліміздегі барлық сала цифрланып келе жатқан қазіргі жағдайда мамандарды қайта даярлау ерекше маңызды болып отыр. Әс ...
Банкрот деп танылған қазақстандықтардың жалпы қарызы 188 млрд теңгеге жеткен. Бұл туралы вице-министр ОКҚ-дегі баспа ...
Азаматтардың жеке деректерін алаяқтардан қорғай алмағаны үшін банктер де жауапты болуы керек. Сарапшылар ...