"Марокко, Алжир, Мысыр және Вьетнам": Қазақстандық астық әлемнің қанша еліне эскпортталғаны айтылды
"Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" ҰК" АҚ 2024-2025 маркетингтік жылдың қорытындысы бойынша рекордтық көлемде, яғни ...
Қой етінің импорты 31 тонна болса, экспорты 17,5 мың тоннаны құрады.
Қазақстан 2024 жыл қорытындысы бойынша 132,8 мың тонна қой етін өндіріп, елдің ішкі сұранысын толықтай жапқан. Одан бөлек, қой етінің экспорты 17,5 мың тоннаны, ал импорт – 31 тоннаны құраған. Мұндай деректер үкімет басшысы Олжас Бектеновтің Сенат депутаттарына берген жауабында жазылған.
Қазақстан қой етінің негізгі көлемін Өзбекстан, Иран және Біріккен Араб әмірліктеріне экспорттайды.
Сондай-ақ, премьер-министрдің жауабынан 2024 жылы елдегі қой саны 18,5 млн басты құрағаны белгілі болды. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 9,2 %-ға артық. Асыл тұқымды қой үлесі – 3 миллион басқа (16,2 %) тең.
"Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидаларына сәйкес өнімділік пен сапаны арттыру үшін қой шаруашылығын дамытуға субсидиялар көзделген. Бұл мақсаттарға 2024 жылы 15,1 млрд теңге бөлінді, ал ағымдағы жылы 16,8 млрд теңге қарастырылған. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларының жүні мен терісін қайта өңдеуді дамыту мақсатында Инвестициялық салымдарды субсидиялау қағидалары шеңберінде жүн дайындау үшін жабдықтар сатып алу, тері мен жүнді қайта өңдеу кәсіпорындарын салу және кеңейту жөніндегі жобаларға инвестициялардың 25 пайызын өтеу жөніндегі шаралар көзделген", – деді Олжас Бектенов.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда қой фермасын құруға жеңіл шартпен кредит алуға болады
"Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" ҰК" АҚ 2024-2025 маркетингтік жылдың қорытындысы бойынша рекордтық көлемде, яғни ...
Форумға Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан және алыс шетелдің 150-ге жуық делегаты қатысады. 2026 жылғы 14-15 ақпанд ...
Биыл Маңғыстау облысында ауыл шаруашылығы саласында 38 млрд теңгеге жуық өнім өндірілді. Мал шаруашылығы бойынша ө ...